ВЕРНУТЬСЯ

        Шыжыған күннен қорынбақ болып,

Көлеңке іздеп жан-дене,

Шыршықты бетке ап, шомылмақ болып

Шыққанда қыздар сәндене;

Керімсал самал желпіп өткенде

Шәйі көйлектің өңірін;

Тоштіллә қыздың толқын өпкенде

Тобарсып қалған ерінін, -

Шыршық ағатын, ыршып ағатын,

Жыршы болатын бар ағын.

Шыршық ағатын, шымшып ағатын

Ак қайраң санын жағаның.

Ақ қайраң санын... сипап ағатын,

Толқындар ерке топталып.

Сипап ағатын... үйпаланатын...

Ұмар да жұмар боп қалып.

Үнсіз бір тыңдап тұрып мың
үнді,

Жайғасушы едік біз алыс,

Кетер деп үркіп қырық бұрымды,

Қырық күлкі, қырық қыз-ағыс.

... Махаббат әні шырқалып
ерен,

Сол әнді талай жаттап ек,

Шыршық шыбығын Сыр талыменен

Будандастырған баққа кеп.