ВЕРНУТЬСЯ

        Ассалаумағалейкум, Адыраспан,

Сізге бізді жіберді Омар - Оспан.

Халық әуезі

Күңсіді сол жаз шаңдақ қыр,

Қурады сораң, гүл түге.

Қопалық інген зарлап тұр,

Қол апарғызбай үрпіне.

Есін ап есер жел үні,

Елеуреп тұрды
күн ұзын.

Көкталақ болып желіні,

Бебеулеттірді күн ұзын.

Күйбеңдеп жүрді кәрі ана,

(Керімсал тағы басталды).

Жерошақ қазып далаға,

Қайнатты ол адыраспанды.

Қызыл ат мінген жолшы-күн

Қызамықты ойға кіргенде,

Астауға құйып сол суын,

«Кәуісін» айтты інгенге.

...Таңсәрі мезгіл болып бір,

Күн шықты аспан-теңізден.

Танадай көзге толып нұр,

Талтайып бота емізген

Тұрды
інген рәт жыр айтып,

Торынан босап қайғының.

Адыраспаным, мұны
айтып

Мөнін ашпағым қайырымың.

Омар - Оспанда ісім не,

Ісім не соқыр құрметте,

Бір сенің адал күшіңде

Бар екен дауа мың дертке.

«Қырда» өстік біздер дегенді

Қырқылжың жазса, не дейін.

Алдыңа келіп мен енді,

Арманымды айтып берейін:

Қасиет пенен көктемнің

Мекенін сен боп білдірсем;

Далада өсіп-көктеудің

He екенін сен боп білдірсем,

Адыраспаным - жан анам!