ВЕРНУТЬСЯ

       Әлқисса, тарс жабылды зілмән есік,

Дір етті алма ағашы тұрған өсіп.

Хауа ана,

Адам ата сыртқа шықты,

Тікен-мұң жүректерін тырнап, осып.

Қос мұңлық қайтып кері беттемеді,

Бүгінде ескі сөз ғой, жоқ дерегі.

Мезгіл күз,

жеміс-жидек піскен уақ.

- Жо-жо-жоқ, -

дейді біреу, -

көктем еді.

Жаз екен гүл жайнаған сала мынау,

Қыс екен дейді біреу дала қырау.

Жұмақтан шыққан кезде,

кімге болсын,

Ұнауы қай
кездің де нәмәлім-ау.

Сондықтан жанбас отты үрлемелік,

Жер-дүние жатсын

мейлі гүлге бөгіп,

Бейіштің еркелері сыртқа шығып,

Болыпты тірелгендей түнге келіп.

Ай мен Күн бір көрініп өлді, сөнді,

Табады қайдан пана енді сорлы...

Періште Ысырафыл - жел иесі

Құтыртты дауылдарын оңды-солды.

Көре алмай жарық сәуле олар алдан,

Әйтеуір, келеді өтіп көп араннан.

Періште Жебірейіл - хабарлаушы,

Кенеттен тас саңырау бола қалған.

Жат өмір, тосын тірлік, тосын аймақ,

Жел мен су желіп жүрген жосыла айдап.

«Апыр-ай, Мәкәйілге не болды?» - деп,

Қамықты Адам байғұс досын ойлап.

Алланың Әзірейіл - сырттан құлы,

Көп артық
көруші еді жұрттан мұны.

Жұмақта жүрген кезде бәрі де дос,

Білесің сол жұмақтан шыққан күні.

Оранған үлде менен бүлдеге көп

Жандар ғой періштелер мүлде бөлек.

Жағуға тырысады бір Құдайға,

Жұмақтан кетсе егер де,

кімге керек?

«Пейіште тәртіп деген жоқ бүгін», - деп,

Біреуі шоқ-шоқ
айтып, өтті күндеп.

Өзді-өзі күңкілдейді оңашада:

«Қатынның қырсығы ғой», - деп күбірлеп.

Шығарып асты-үстіне тынық көкті,

Қара түн ішін тартты ұлып кекті.

- Ұрдым
мен достығыңды бәріңнің де! -

Соны айтып Адам атаң жүріп кетті.

Соны айтып Адам ата тартады әрі,

Жан-жақтан жел, топан, түн анталады.

Аяулы,

аянышты жаратылыс

Хауаны денесімен қалқалады.

Жел,

суға денесімен болды бөгет,

Хауаға бір жылылық қонды кенет.

Адамнан ең бірінші - Мейірім туды,

Сондықтан оның бізге орны бөлек.

Ол деген ең бірінші Өмір еді,

Білсеңіз,

өлім де одан жеңіледі.

Іздейді ел еміреніп,

қай кезде де

Ең тұңғыш перзентіндей көріп оны.

Қорқа ма, Жер мен Аспан сескене ме,

Қарайды үркесоқтап қос денеге.

Ортада Мейірімі бар екеуінің,

Қауіп емес енді оларға ештеңе де.

Екеуі оянады күннен ерте,

Күн қысқа,

бұлар үшін түн де келте.

Бір күні бесін ауа қырдан асса,

Көріңді сұлбаланып
қу көлеңке.

Жұтумен көздің жасын бұлар ащы,

Жақындап келді дағы,

тұра
қашты.

Қос мұңлық көрген еді анадайдан

Теңселіп жапырақ жайған бір ағашты.

Көргенде жапырақ жайған бір ағашты,

Екеуі екі жаққа жылап асты.

Бір ағаш еске салып еркелеп тұр

Жұмақтан қуып шыққан құмар асты.

Құдайды қаһарланған жадына алып,

Періште достарына тағы налып,

Ағаштан қарғыс атқыр безе қашып,

Тоқтады алыс таудан әрі барып.

Тоқтады алыс таудан ең түпке асып,

Самал жүр

айналшықтап желпіп, қасып.

Сақылдап
сайтан күлді әлдеқайдан,

«Caп, сап» деп жүрек тұрды ентік басып.

Шың жақтан алма бет Ай көтеріле,

Сәлден соң калғып кетті екеуі де.

Тәтті түс...

қол ұстасып жүрген екен,

Оралып қайран жұмақ мекеніне.

Достары құрақ ұшып көрісті ерек,

Барша жұрт тақ тұрады тегіс
кенет.

Құдайдың құрметіне ие болсаң,

Қолыңа су қүяды періште кеп.

Айнала алтын,

маржан,

жақұт түрлі,

Жайқалған алма ағашы ақық гүлді.

Иісі мұрын жарып барады оның,

Екеуі шошып кетіп, атып тұрды.

Көзді арбап тұрған еді жаңа бәрі,

Өтірік...

сайтан тағы табалады.

Расы, хош иіс қана мұрын жарған

Аңқиды ағаш жақтан бағанағы.

Тұра caп бірін бірі аластады,

Құрысын

жұмағы да,

ағаш дағы.

Хауа ана таңдайының суын жұтты,

Heгe дүр Адам ата жақ ашпады.