ВЕРНУТЬСЯ

      Газеттен.

Планета боп Есенин айналып жүр,

Есенғали ауылда қой бағып жүр.

Есенғали ауылда қой бағып жүр,

Есениндей болсам деп ойланып жүр.

Ойланып жүр,

Кетсем деп толғанып жүр,

Зіл табан боп өтті, әйтеу, зорға бұл жыл.

Мырзашөлді қимауы - бір хикая,

Мырзашөлге сыймауы - ол да бір жыр.

Астанаға қимайды ол осы маңды,

Қимайтындай, япыр-ау, несі калды?!

Есенғали қалаға көше алмай жүр,

Есенин көк төріне көшіп алды.

Жігіт емес секілді ед жолы шұбар,

Көше алмай жүр,

Мұнысы,
онысы бар...

Мырзашөлге бір дастан жазсам дейді,

Мырза жұртқа болса да борышы бар.

Айту ғана оңай ғой борышты деп,

Тоқсан шешім басына тоғысты кеп.

Перзент тілеп құрдасы
егіліп жүр,

Желігіп жүр біреулер соғыс тілеп...

Көкке кетті Есенин серілікпен,

Есенғали мұнда
жүр көп үмітпен.

Аспан жақты әзірге қойды-ау деймін,

Жерде өйткені жұмыс
көп оны күткен.