ВЕРНУТЬСЯ

        Ерте кетіп барасың, сары күз...

Қала тұрсаңшы
әлі де, еркем,

Барайық тағы шыңға ана.

Бәрі де жақсы, бәрі де көркем,

Жетпей тұрғаны
мұң ғана.

Бозқырау қонып бөктерге міне,

Қаптап тұр
бұлт шүйіле.

Мұңды да
маған көп көргенің бе,

Ей, баяны жоқ дүние?!

Табиғат неге сұрлана
қалды,

Heгe аспан
бүгін қара ала?

Екеуіміз... сосын мұң ғана бар-ды

Осынау іңкәр қалада.

Бақтарға қарай алып ұшпадым,

Сен жоқсың онда себебі.

Сап-сары менің сағыныштарым,

Сағыныштарым көп еді.

Қосыла алмайды дүрмекке көңіл,

Қосыла алмайды әнге өжет.

Бұл неткен
қала, бұл неткен өмір,

Мағына да жоқ, мән де жоқ.

Ақ күміс шашып қарына шыңның,

Келеді атып таң міне.

Басталмақ енді тағы да сүргін,

Бітпейтін сүргін мәңгіге...

Ерте кетіп барасың, сары күз.