ВЕРНУТЬСЯ

       Тасырқағанда тас
жауған,

Тау болды ұйықтар
айлағым.

Қасқырдан анау,

Қас жаудан

Тартып ап апан жайладым.

Жетіп бір құлан қайырып,

Желкеден алдым жеміт деп.

Тағыдан олжа айырып,

Тарпаңды міндім көлік деп.

Батырша күліп түрегеп,

Отырдым жылап ақынша.

Жанымды тостым «міне» деп,

Жолбарыс-тағдыр атылса.

Суықта
суыр асым боп,

Сусыным бастым мұзбенен.

Жатыры мұның асыл деп,

Жандастым қабылан қызбенен.

Қасқайып өстім шыңымда

Қара да беріш қайың боп.

Ендігі қалған ғұмырда,

Езілетұғын
жайым жоқ.

Ақыры барып жатам бір,

Сен айтпа маған тамұқты.

Тапқан екенсің, а,
тағдыр,

Талқыңа көнер ғаріпті!

Кетеді шаһит сорласа,

Несі бар қорқар
заты ұлдың.

Ып-ыстық жасы болмаса

Ана бір қабылан қатынның.