ВЕРНУТЬСЯ

       Томар арткан
отыншы қырға шығып,

Жанады от боп бір толқып, бір басылып.

Бауыры шүбар бат-баттың баласындай

Баран жолдар барады құмға сіңіп.

Жіпсіз матап тентегін, телісімен,

Жуасытып сәйкісін, серісімен,

Маңқыстаудың Сүгірі маймаңдатқан

Жыр-күй өріп келеді желісінен.

Шекер боп таңдайдағы сордың дөмі,

Ел отыр. Естен шыққан жолдың қамы.

Жыр менен күй айналды бір әлемге,

Бір өлем алдан және қол бұлғады.

Шынында, мына шанақ не деп отыр,

Уығын ауырсынып кереге тұр.

Абылдың ала бауыр домбырасын

Ақтан ап, айқай салып төбеде тұр.

Қысқа күнде қырық
шапқан Көкмойнақ

Қарабаран жалына от байлап ап,

Қаратауды қапталдап, жаудан безіп,

Ұшып бара
жатқандай қақпай қанат.

Қаралы «Қайран шешем» қағысындай,

Жаралы «Ақсақ құлан» шабысындай,

Барады ол шыңыраулы құба дөңге,

Үстірттің үрке қашқан тағысындай.

...Мазар қалды сұп-сұр боп қаны қашып,

Базар қалды қойға ұсап жамырасып.

Байрамалы - Тәженге тұз артқан ел

Атырауға келеді арып-ашып.

Көш соңында шаңыт боп есірген күй,

Жау қолымен ақ бұйда
кесілген күй.

Иттің жұты сенделткен ел суретін

Жоғарғы төрт пернеге көшірген күй.

Көшірген күй, көшіріп тынатын күй,

Көшті бастап жарыққа шығатын күй.

Құм қыдыры
сияқты ақсақалдар

Жанкелдинге жол сілтеп тұратын күй.

...Ал енді мұның бәрін әсер делік,

Сез шықты он екі алуан әсемденіп.

Бұл да бір
өмір сынды шежіре еді,

Тыншитын байыз таба бәсеңденіп.

Расы, жыр-күй бар да, шал Сүгір жоқ,

Мұрасы
таңдайларда бал шырын боп,

Тамсанып әр күн сайын тыңдасақ та,

Жарықтық,
естіледі таңсық үн боп.

Әспеттеп,

Әр кез жұртқа
өтімді ғып,

Немесе ата салты секілді ғып,

Арқаның Ақтөбесі тартады оны,

Ойына Бесқаланың бетін бұрып.

Қайтқанда түйе қарап шығып бері,

Кетіпті ап Ташауыздың жігіттері.

Соны естіп Мырзашөлге келді дейді

Сырдағы ел аттың басын бұрып кері.

...Жел сөзді тізгенменен елірмелеп,

Жоқ еді айтар ойым менің бөлек.

Қайта тумас Сүгірдің жыр-күйіндей

Жүректерде жүретін Өмір керек!