ВЕРНУТЬСЯ

      Ұсынсам, қолым
жетер ме?

Бұрынгы шалдар.

Айхай, менің заманым,

Айдынына толған ел,

Аймақты жұрт,

ордалы ер,

Айлақы
төс, аршынды

Айқасқаға қонған ер.

Келесі бөлек керуенсің,

Мынау кімнің көші дегізген.

Кешке келіп құласаң,

Су қалмады теңізден.

Сәніме сын дедің бе,

Сен жүрмедің көне ізбен.

Ертегіде айтатын

Сүлейменмен егіз бе ең?

Көрсем бе деп алдымды,

Екі өкшемді көтердім.

Шын болсам да - бекермін.

Күн екінді
- қайтуға,

Тілім мүкіс - айтуға,

Заман, сені не етермін?

Ай, күлерсің, күлерсің,

Аймағыңа гүл өнсін,

Көшің күнге тірелсін.

Күнге дейін көп жол бар,

Кідіресің қай тауға?

Бағытыңды байқауға,

Айқасқадан түсші бір, батыр,

Айналып алды-артыңды көрші бір, батыр,

Әр жағын өзің білерсің.