ВЕРНУТЬСЯ

        Шегіне кетіп
шекісіп жатқан қос теке,

Бытырай қашты тауық пен қаз да ес кете.

Базарға ап кеткен саудагер шалдың жаңғағын

Салдырлақ «Газик» екпіндей енсін кештете.

Тым-тырақай ғып талдарға қонған көп құсты,

Шарапат шофер жөне бір бала кеп түсті.

Тағы да «сілтеп» қайтқан-ау дестік Шәкеңді,

Жау қуған құсап зымыратуы бек кушті.

Сөмкелі бала жөнеле берсін жөнімен,

Шарапат шофер кісі қорыққандай өңінен:

- Осыдан кейін
адамға кайыр жасасам,

Арам өлейін,

Арам өлейін, тегі, мен!

«Шарапатжан-ау, өзіңнен басқа кімім бар,

Жеткізіп сал да, көңілдегіңді айт, пұлыңды ал»

Деген «қақбасым» жалтарып кетті барған соң,

Адамға қайыр жасаман енді, ұғыңдар.

«Не болды-ей сонша?» - Топырлай қалды ел күллі,

Ашулы Шәкең кепкесін алып желпінді.

Төмен құлауға
найза кірпіктен жасқанып,

Қарыс маңдайға қаз-қатар моншақ тер тұрды.

Кузовты сүртіп, сыпырып жаңғақ қоқымын,

Жұбатуда
ауыл «құдайдай» жалғыз
шопырын.

Ойлайды біреу тасылмай қалған қарбызын,

Ойлайды біреу жиналмай жатқан отынын.

Күн батқан мезгіл.

Қарауытқан шақ түз өңі

(Обалы нешік, аман-сау екен бұ жолы).

- Балаң кім әлгі?

- Балаң кім? -
десіп жатырмыз,

Мән-жайға қанып,

Қаумалап алып біз оны.

...Сиырлар қайтты у-шуға басып өрісті,

Бота мен інген боз бұлау жылап көрісті.

- Ә, ит біліп пе
оны! -

Гүр ете қалды Шарапат. -

Қол көтерген соң, мінгізіп алғам жол үсті.

Кеудесін төсеп желпіне соққан желге қыр,

Үйірлі жылқы иіріліп барып кәлде тұр.

Тарастық біздер...

Шөкең жүр әлі бұрқылдап:

- Адамға қайыр
жасасам ба енді...

Көр де тұр!