ВЕРНУТЬСЯ

        Жылқы жылы,

Жақсы тілек тілейінші Құдайдан,

Мүмкін, мәңгі құтылармын
сұм ойдан.

Мүмкін, енді түсіме енбес түндерде

Қаба жалды қара құнан мұңайған.

Қара құнан - жетімегім, нәзігім,

He таптап кет,

не маза бер,

қажыдым.

Ол басқа адам - аңқау, адал бала еді ол,

Мен басқамын.

Жазығым не, жазығым?

Аспан асты,

жердің үсті ақ ала,

Бір саябыр орнай қапты қалаға.

Қалбалақтап барып-барып соқыр қар,

Шалшық суға құлап жатыр далада.

He ойлап тұр
- үнсіз-түнсіз бұл ғалам.

Мен де іштей шырмауыққа шырмалам.

Бір сұрақ бар:

- Мен кім едім,
кім едім?

Бір сұрақ бар:

- Кім болмақпын,
кім болам?

Қыс келіп тұр,

ақ жаулық caп
қайыңға,

Бір серпіліп, батам қайта уайымға.

Қара құнан... ол жоғалса қайтпекпін,

Жо-жоқ, мені құнанымнан айырма!