ВЕРНУТЬСЯ

       Ақ жаулығы
желбіреп анам тұрды,

Орап өтті қылаң жол баран қырды.

Құрқылтайдың
ұясы секілденген

Түбі терең сайға кеп самал тынды.

Сағындым ғой деп жатыр далам маған,

Сағындым ғой деп жатыр анам маған:

- Бірі ойыма түспейді осындайда,

Көп нәрсе айтсам деп едім саған, балам.

«Ұмытып
қап барлығын мені көріп»,

Анам ылғи сөйлейді тебіреніп.

Қарайды әкем төрдегі портреттен,

Айтатындай бірер сөз еміреніп.

Мен білмеймін, білмеймін не демегін,

Оңаша қап, ойларға бөленемін.

Көк шалғынға шынтақтап жата кетіп,

Сәлемімді күтеді төбелерім.

Бүркітке ұсап
қарайтын томағалы

Келінтөбем ойыма оралады.

Ол да айтпаған секілді ең бастысын,

Мен де айтқам жоқ бастысын оған әлі.