ВЕРНУТЬСЯ

     Күлсін, күлсін, өкпе
жоқ елге мүлдем,

Жеңіп алды күлкіні ол ер көңілмен.

...Ескендірдің басында мүйіз барын

Өз көзіммен көргенше мен де күлгем.

Құпия ішке
сыймайды.

He етпек керек?

Құдыққа айттым.

Қырық елге жетпек, демек.

Құдық терең
боп шықты,

Құрбыма айттым,

Құрбым құлақ аспады текке өкпелеп.

Нөпір күлкі,

ас та төк,

жиын кілең,

Азат халық
болған соң қиын білем.

Тауары өтпей тарыққан бизнесмендей,

Түк айта алмай қорланам түйінді мен.

Тұрмыз
ғажап заманның белесінде,

He қалады күлегеш ел есінде.

Ұлы Ескендір патшаның төбесінде

Мүйізі жоқ.

Осыған сенесің бе?