ВЕРНУТЬСЯ

      Жылан бауыр қамшы
жатты иреңдеп,

Жылан тілді от сөйледі сүйреңдеп.

Сарғалдақтар зәресі ұшып,

үрпиіп,

Сары жебелер қорамсақтан қылтиып,

Ентелесіп екі жақ боп ел тұрды,

Екі шешен өрекпіді,

желпінді.

- Иә, - деді төрағасы,

заман-ай,

Жұрт жым болды,

Құлаққа ұрған танадай. -

Жатырластың жау болғанын көрген кім,

Бір шал еді бабаларың сендердің.

Төс қағысып тарасыңдар, шешендер,

Сол шал көрде тыныш жатсын десеңдер.

Еркелесе - сен ағасың,

інің бұл,

Әй, алаштың азаматы, түбің бір.

...Құшақтасты
билеп кеп,

Жылан бауыр қамшы қалды иректеп.

Қазақ-Ата жүрген жері жыр-аңыз,

Тағы бірде былай депті бір абыз:

- Сабаңа түс,

салқын үйге жүр, Ерім,

Түніменен күй тыңдасын
түменің.

Ақ тілекпен ояналық таңда біз,

Түбіміз бір,

қанымыз бір андамыз...

Қазақ-Ата жақын етіп алысты,

Барша жұртпен төс қағысты, табысты.

Бүгінгі жыр -

Жылан бауыр танктер,

Жылан бауыр қамшыны айтсам, жалықты ел.

Жылан құйрық ракета ысқырып,

Ұйқысынан
оянды жер қыстығып.

- Ескі ұғым ғой мұның,
- деді бір мықты, -

Тым жалаңдау
түсінесің тірлікті.

Тоқыраудың сұрғылт,
сұрқай ұраны

Қалай сені жалықтырмай жүр әлі.

- Бүгінгі сөз
басқа шығар, рас, - дедім, -

Ылғи кеш қап жүретұғын қасқа едім. -

Дедім дағы, тез ауыстым бұл күйден,

Heгe ыңғайға жығылам-ей ылғи мен.

«Ойлап тұрсақ,
жоққа сеніп келіппіз,

Ескілерді жаңарталық», - дедік біз.

Ескі толғау,

ескі ғұрып,

ескі ұғым,

Жаңарам деп лағып кетсем, кеш бүгін.

Сол кезде де туыстыққа талпынсақ,

О, тоқырау, сенсің нағыз алтын шақ!

Сөзім де ескі,

айтсам сәл-пәл
жаңалап,

Түбіміз бір Адамзатпыз, жамағат.

Біздің халық - шұбай
тартқан көш деңіз,

Көшті ылғи да түгендейміз кешке біз.

Әр асудан асқан сайын,

бір теңі

түсіп қалды.

Қандай әдет бұл,
тегі?!

«Біліп тұрмын,

босқа күйдің...

ақтар ем,

Біздің елдің баласысың, әттеген.

Ақтар едім,

ақтағандай жұртты мен,

Аталас деп ғайбаттайды қырт кілең», -

деп ағасы жұбатқанда інісін,

Туыстық деп ұқтырады мұнысын.

Әлдеқашан қурап қалған сүйегі

Атаны ойлап,

менің жаным күйеді.

Ағай жомарт,

жүрген жері той еді,

Қой, қой, балам,

мені тыңда, қой оны.

Жеті атаңды үйретейін, көкешім,

Жеті жұрттың қамын жер ме екесің.

Әлі талай жаңарулар жолығар,

Біздің көштің сан құбылар жөні бар.

Көш жолында, өзің
қалып кетсең де,

Алға оздырар абзал ұғым көп сенде.

Көшің кетер

алыс, алыс шығандай,

Жолы қайсы,

өрі қайсы - ұға алмай;

Бір байламға келіп ақыр, болдырып,

Ескі сөздің естілігін соң біліп:

«Барып, барып оралатын қонысы,

Ескі жұрттың ескірмеген сонысы», -

деп қойып бір,

айтып заман кеңдігін,

Өзіме ұксап
отырарсың сен де, ұлым...