ВЕРНУТЬСЯ

       Бозторгай зорлық көріп тұрымтайдан...

      С. Дөнентаев

Зорлық көрген ол, зорлық көреді,

Дала - жалаңаш, орман
- сыз.

Тұрымтай
әлі қор ғып келеді

Торғайларымды қорғансыз.

Өртеніп біткен өрісі ғажап,

Асырып айтты демегін.

Ауылға бару - мен үшін азап,

Қор болған торғай көрерім.

Тұрымтай құстар тау боп төнеді,

Қуанып тұрып
сорлаймын.

Оларға дағы нәубет келеді

Түбінде деймін

(Ол қай күн?).

Бозторғай деген қырлықтар
үшін

Қырылып қалған сан рет.

Қулықтары үшін, сұмдықтары үшін

Жауап береді бәрі кеп.

Қаталдығы үшін қанына сіңген,

Қасиет үшін тәрк еткен,

Қарсы алған кезде Тәңір асыңмен,

Топтастығы үшін нан тепкен

Жауап береді түбінде.

Тебеді бір ой өзекке мені,

Қуанып тұрып
сорлаймын.

Бозторғайға да кезек келеді

Түбінде деймін.

Ол қай күн?

Білмеймін...