ВЕРНУТЬСЯ

      «Ел қырылған»
деседі мына дөңде,

He деймін мен осынау тұл әлемге?

Кәрі аспан...

Кәдімгі дөң...

Қараша айы...

Түк те жоқ
көз тоқтайтын сұмдық өңге.

Өлең шөп барқын қара мақпал сынды,

Мақпалды сусыма құм жапқан сынды, -

Құм басып өлген қыздың қолаң шашы

Бұрқырап
сыртқа шығып жатқан сынды,

Өлең шөп, өлең шөп - Қазақстан...