ВЕРНУТЬСЯ

      Тараған кек айғырдың жалын Қыдыр,

Ой, қалқа,
жақын келіп, халімді біл.

Халық, ол

Орыстар әлі келмеген кез ол.

Ел-халық еңістен
көшіп, жаз жайлайды екен өр барып.

Үлкен шал біздің Қыдыр жолыққан жан бопты,

Дәулет пен сәулет,

Азап мен хаумет тең дарып.

Ақтылы қойы Аспантау асып жайылып,

Жылқының алдын түрікпеннен бері қайырып,

Қыдырдың өзі түбекте
жатқан келеден

Түгендеп белген аруана, нарды айырып.

Бір керуен бөлек Хиуаға сапар тартарда,

Бастаған Қыдыр бір
көшті бөліп Шалқарға.

Соны ойлап кейде, отырам
«Қаламгерде» мен,

Соқыр тиын жоқ қалтамда.

Құралды
жерде құрамын сұхбат кіл дүрмен

(Күлдірген бірі, біреуі кеше бүлдірген).

Жүреді бәрі мың қой айдаған секілді,

Бұлар да байдың тұқымы шығар, кім білген.

Байлықты сөз ғып қайтеміз басқа қонбаған,

Қолдан келмеске патша-көңілді қорламан.

Мен неге бірақ
Қыдыр көрмедім өмірде,

Жоқ, әлде талай жолықты ма екен ол маған?

Құдайыңа да құлақ аспайтын шағым көп,

Сондай бір кезде жібердім
бе екен жәбірлеп?

Өкпешіл неме болды ғой, әсте, ол дағы,

Қышыр
екенін айтпай ма «caп, caп, сабыр» деп.

«Жолдасың Қыдыр болсын» деп қалған қыр міне,

Періге ғашық болатынымды білді ме?

Өкінбен бірақ періге ғашық болдым деп,

Тік келіп қалса ол, үйірер
еді кімді де.

Мен қойдым,

Құлдық!

Болайын, Қыдыр, құрбаның,

Бір жолық енді.

Білдің ғой талай сыр барын.

Арманым менің Аспантау асып кетті, аға,

Қайыртпай мүлде барады тарпаң жылдарым.