ВЕРНУТЬСЯ

       Әпке кетті басқа
ауыл боп,

Әкей қайтып келмеді...

«Жетім қозы тас бауыр» деп

Айтып жүрді ел мені.

Кей күн жылап, кей күн күліп,

«Қозы» бауырын көтерді.

Қаталдық пен Мейірімділік -

Менің анам екеу-ді.

О, қаталдық, неге маған

Қайрылуың кеміді?

Мейірімділік деген анам

Жырға әкеліп теліді.

Қолымнан ап, биіктерге

Жетеледі жыр-анам.

Өлең жазып сүйікті елге,

Өсе бердім дін аман.

Мөлдіреген бастауың боп,

Бастауың боп қалайын.

«Жетім қозы тас бауыр» деп

Heгe айттыңдар, ағайын?!