ВЕРНУТЬСЯ

       Тағы бір күнді ұзатып
салдым.

Жарық дүние...

жаз...

жайлау -

жырақ қалып,

Отқа түсті ол байғүс құлап барып.

Жанып жатыр

Әнеки Күн денесі

Мәжусидің табыты сияқтанып.

Жанып, жанып өшеді.

Күл қалады,

Жер үстіне күлдей боп түн қонады.

Түн қонады тауға да, қырға дағы,

Терек терек қалпымен ырғалады,

Шиқан бет Ай толады, нұрланады,

Менің жаным неліктен мұңданады.

Мұнданады, қан жылап тұрады ішім,

Өлді міне бір күнім
- бір арысым.

Күлге айналды мүбәрәк денесі оның,

Мен де бір күн күл болам, ұғамысың.

Сыңғырлайды, күледі құртқа-бұлақ,

Саққұлақ тау тігеді сыртқа құлақ.

Күзді кешіп келемін жынды адамдай,

Сау адамдай көрінем сыртқа бірақ.