ВЕРНУТЬСЯ

(Р. Бағылановаға)Роза – ол қызғалдағы даланың,Роза – ол қырдың жібек самалы.Қазағымның, қазағымның бұлбұлы,Сұлу сазға бөлеп тұрған алабын.Бұл дүниеден талай дарын жан өткен,Ал дарындар өлмейді өсек –кесектен.Алдарыңда о, жарандар Ару тұр,Қазағымды бар әлемге паш еткен.Нағыз ару әр жүрекке от салар,Сыйқырлайды әсем үнмен пәтшағар.Қанша елдің сахнасында ән салса,Сонша елде ғашық бопты патшалар.Сынай берсін «жағымпаз» деп сынаған,Хрущевің «бір сүйем» деп құлаған.Қазақ қызы өз ұлтының намысын,Биік ұстап жетті бізге дін аман.Роза қыз өз халқынан от алған,Сондықтан да «роза гүл» атанған.Сондықтан да, елімдегі егемен,Қыздан шыққан ең алғашқы «Қаһарман!»Төмендейді алтының да көп сатса,Халық білер кімді ұсынар жақсы атқа.Қазақ Елі құлпырады Апа айтқан:Нұр – Ағамыз «аман тұрса –Ақ Патша!»Ақ Патшамыз құрды елді біз қалаған,Айтам талай жасқанбаймын мен одан.Роза ару - сол қазақтың әуені,Роза ару бір -ақ туар - Феномен!                                  20. 10. 2001 ж.