ВЕРНУТЬСЯ

   Жапырақ жаймас қайтып мынау қу сырық. 
Болгар, сен де
тізерле қол қусырып.
Түрік
жазбаларынан.
1. Болгар шалы
Болгар шалы
бәйтеректі күзеткен,
Бас иді оған.
Мен иілдім
ізетпен.
Шал күбірлеп
сүйді терек бұтағын
Мен де әрине
қарияға ұқсадым.
Үш саусағын маңдайына
апарып,
Тұрды ол бір сәт
кірпігіне жас алып.
Мен бұл жолы
қалыс болдым кәріден,
Шошынып та кеттім
сұсты көрінен.
Жауар күндей
түйіліпті қабағы,
Жанарынан жалын
шаша ол қарады:
-        Ей, пұсырман!
Білемісің, қасиетін мынау ағаштың?
-        Кешір, баба,
түрік емес, қазақпын...
Солдатымын, совет атты Отанның...
-        Е, другар!..
Онда мен де қош алдым...
Жалбыр қастан
жіберді де түнді үрлеп,
Сөйлеп кетті ол
янтрадай күмбірлеп.
Ақ сақалы бейне ақ толқын аунаған,
Шал өзі де бәйтеректен аумаған.
Ол қозғады, тағы да ерлік дастанын.
Сәби кезін,
бабалары жас шағын.
2. Емен аңызы
Тырновоны түгел
өртеп түріктер,
«Бағын,- депті,-
жүгін,- депті,- бүлікші»
Ал болгарлар
табылмапты бұйыққан,
Талай бастар
шабылыпты иықтан.
Талай тілдер
жатсын шаңда жаншылып
Кеуделерден
күңіренбепті зар шығып.
«Бағынбаймын!»
Саққылдапты өктем үн,
«Меніңде бар ақ
шапақты көктемім!»
Өр кеуденің шапты қылыш кәллесін,
Болгар қаны жапты
түрік сәлдесін.
«Көктемейсің!»
Оспан тұрды тасынып,
«Көктеймін!» деп
кеуде үн қатты ашынып.
Оспан паша
көтерді де қылышты,
Мезгеді бір өрт
шарпыған сырықты
«Орнатыңдар, анау
шыңға апарып,
Егер сырық жапырақ
жайса жасарып,
Балгарға да
туар... ха... ха... азат күн,
Күтсін, тартып
қасіретін азаптың...»
Күлді Оспан ат
үстінде паң тұрып,
Күйік сырық қалды
шыңда шаншылып.
Жылы жылжып ете берді азаптың,
Зор үмітпен болгар күтті азат күн.
Құл болмады қожаға
қол қусырып,
Уа, ғажайып,
жасаң тартқан қу сырық!
Пәк арманның
бұтағындай семіп қайта көктеген.
Алғашқы бір көк
желегін төкті емен.
Қасиетті ағаш
бірте-бірте жайды қалың Жапырақ,
Сол көктемде атқа
қонды көк іздеген атырап...
Қойшы Ивайло Ақ
моншақта қылаңдай
Төнді жауға бейне
ақ иық қырандай.
Жау өлігі қалды жайрап жолында,
Қалың болгар қойшы патша соңында.
Қашты дұшпан.
Халық кегін қайтарды.
Қасиетті емен шың төсінде жайқалды.
Кәрі еменге ел намысын түлеткен,
Болгарлықтар бас иеді ізетпен.
Царевец шыңы, 1944