ВЕРНУТЬСЯ

    Көптен бері
Сізге хат жазбағаныма, қымбатты
досым Федор Демьянович, ренжімеңіз.
Хат жазбаған себебім, Қостанайда
ашылатын орыс мектебі жөніндегі мәселе осы
уақытқа дейін шешіліп болған жоқ, бұл мәселенің жауабы бүгін болмаса, ертең келер деп күтіп отырмын. Оның бержағында, мынадай да бір жағдай болып қалды: егер
уезд начальнигінің тілмаші болып кіре алатын болса, Маужан Байжиенович оқытушылық
қызметті тастағысы келіп жүр. Ал бұл жұмыс қазіргі тілмаш Каржасов мырзаның
уездік басқармаға іс жүргізуші болып тағайынлалуына байланысты, бұл жөнінде
губернатор уәдесін берген көрінеді. Бірақ осы шытырман-шатақтар әлі шешіліп
болған жок. Сондыктан, мен Сізді шын көңілімнен қуанткым келсе де, қуанта алмай
отырғанымды өзіңіз де түсінетін боларсыз.
Бірақ үмітіңізді үзбеуіңізді өтінемін, онан соң,
егер өзі тілемейтін болса, әйелінізді алып кетпеуіңізді сұраймын, Костанайда
мектеп ашу мәселесі немесе Байжиеновты тілмаш етіп тағайындау мәселесі, калай
болған күнде де, сентябрьден қалмай, немесе, ең әрі кеткенде, октябрьден қалмай,
Орынборға өзім барғанымда, бір жайлы болып шешілуі керек.
Ырғызда қыздар мектебін ашу үшін август айының орта
шенінде сонда барғалы отырмын. Сонда көрісерміз.
Әзірге сау бола тұрыңыз. Әйеліңізге менен сәлем айтыңыз. Шын ықыласыммен оның аман-есен
болуын тілейтінімді айтыңыз. Ол кісі уайым жемесін. Күйеуін, о кісінің қалауы бойынша, қазір болмаса да, жуық
араның ішінде, орналастырамын.
Асығып
отырмын, досым, хатымның тәртіпсіздеу жазылғанына кешірім етіңіз.
Өзіңіздің И. АЛТЫНСАРИНЫҢЫЗ.
1887 жыл, 5 август.
Қостанай.