ВЕРНУТЬСЯ

     Бара
жатыр дүние деңгеленіп,

Біз
де қалмай соңынан өрмеледік.

Сәбилер
кеп фәниге - өсіп
жатыр,

Көшіп
жатыр бақиға - өлген-өліп.

Тірілерден
аз емес өлген
адам,

Жер
де жетпей жатыр ғой,

Төрден оған...

Айтушы
еді бір ақын ертеректе:

"Жетпейді-ау,
- деп Кеңсайдан, -

Көр
де маған!"

Аяқасты
адамға - жазым дейтін,

Елестетем
әлгінің қазір кейпін.

Еріп
жүрген қасында бір құрдасы:

"Өліп
ал, - деп, - әуелі" - әзілдейтін.

Аты
дардай сол ақын - ел есінде,

Сенбейсің
бе, ерте елді, сенесің бе?

Зарлап жүріп: "Жер аз!" деп...

Жатыр
енді,

Етегі
емес, Кеңсайдың тебесінде!

Одан
да өткен
бір ақын - уайымшыл:

"Кешір,
досым, бір нәрсе сұрайыншы!

Өлгеннен
соң осы біз кім боламыз? -

Айтшы,
- деді, - шыныңды - Құдай үшін!

Жауап
берді құрдасы күлімсіреп:

"Бұйрық
келді Тәңірден: Тірілші" - деп.

Өлген
едім, көрді мен көріп
келдім,

Ал
сен болсаң, өлмексің
- бірінші рет!

Кім
сыйламақ біздерді түзде жүрсек,

Қадірлейді
ол жақта - бір көрінсек.

Сайраңдап
жүр тамұқта Омар һайам,

Шарап
толы...

Жан-жағы
қыз-келіншек!..

Жеміс-жидек...

Жанында
- бәйтерегі...

Бір
көрмекке секілді - сайтан елі.

Болмаса
егер осылар,

Омар
һайам

Әлдеқашан
аулына қайтар еді?!

Бір
жақсысы - жер асты шудан аман,

Той-топырлар
көп онда "уралаған!"

Сол
үшін
де "тамұқты қалайды екен",

Ақын
яки әртіс боп туған адам...

Болмасыншы
бұл
сезім күнә
маған,

Тағдырлас
боп кейде осы туады адам!

Рубайын
арқалап өзі аударған...

Барып
қапты сол жерге Қуан-ағам!.."

Сөз
жалғады құрдасы күліп тағы:

"Тамұқ
деген түрме
емес құлыптағы!

Омар
һайам ойнап жүр Қуандықпен,

Биллиардтың
тасы ғып жұмыртқаны!"

Дөңгеленген
дүние
- адасқан ба? -

Жасы
елуден бір саты әрі асқанда,

Барып
қапты сол жерге...

Жырын тастап,

Дәуітәлі...

Тынышбай...

Жарасқан да...

Бәрі
соның пір еді - тілге маман,

Кеше
ғана ойнақтап жүрген аман!

Тамұқ
емес, Жұмақтан орын алмақ,

Аз ғүмырдың қадірін білген Адам!