ВЕРНУТЬСЯ

                           ІБала кезде бірге ойнадық талай біз,Құпия емес, арман болған арай қызАл бүгінде  бірімізге біріміз,О, өмір-ай,Сынай-барлай қараймыз.Уақыт шіркін, жылжиды алға, тоқтамас,Мөлдір көзде болмаушы еді өкпе наз...Ал бүгінде білмегенсіп жүрсек те,Тұрмыста да, жұмыста да бақталас.Енді досым не десеңде өзің біл,Жасты ойласақ толған кемел кезің бұл.Соның бәрі деп білемін меніңше,Ылайланғаны сонау мөлдір сезімнің.                          ІІҰқпадық па бұл өмірдің сырын біз,Тек шаттықтың шырқаушы едік жырын біз,Бәке, Сәке – деп жатымыз қазірде,«Әй», - дейтін ек, «ей» - дейтін ек бұрын біз,Ұқпадық па ұзақтығын қаншалық,Атқызушы ек аппақ таңды ән салып.Құшақтасып сәл шаттықтың өзіне,Жатушы едік маңыз беріп соншалық.Өзге нәрсе көңіліңді бөледі,Ұмыт қалып балаң достық өлеңі.Ал бүгінде көңілің босап тұрса да,Қайғыға да,Шаттыққа,Байсалды боп көрінгің-ақ келеді.                   ***Ынтызар отым едің,Таңым бар қозасына әлі суы құйылмағанына.Бөтенсің. Өкінемін,Сенің бал-шырыныңның өзіме бұйырмағынына.Тағдырдан өтінесің,Таңың бар кеудедегі жанған от сөйбейтініне.Бөтенмін. Өкінесің.Сол дәурен – бал дәуреннің қайта бір келмейтініне.