ВЕРНУТЬСЯ

(әнге лайықтап)Каспийім-арайлым,Өзіңдей жоқ айдын.Толқынды жағаңаНұрлана қараймын. Ырыстың негізі,Туыстық сезімі,Тоғысып атандың-Достықтың теңізі. Маңайың тыныштық,Көгіңде күміс бұлт.Жағаңда жайқалып,Бес елмен туыстық. Бақ болып сан елге,Танылдың әлемге.Арқау сен әп-әсемӨлмейтін өлеңге. Баураған жан-жақты,Орның бар салмақты.Аялап өтеміз,Анадай ардақты.