ВЕРНУТЬСЯ

     Бақыттымын
- баянды достарым көп,

(Қайтесіңдер,
ағайын, босқа күндеп)

Олар
мені сыйлайды.

Мен
де оларды -

Айта
аламын - барынша қостадым деп.

Достығымыз
арадан қыл өтпеді,

Шын
сырымыз айтылды жүректегі.

Бақыт
үшін көтер дік тостыны да,

Мұқалмайтын
денсаулық тілеп тегі

Достығымыз
- саф таза хрустальдай,

Көңіліміз
- ақ мамық күміс қардай.

Тату
өстік ботадай...

Тәтті
болдық
-

Қыз
бен жігіт бір-бірін ұғысқандай.

Достығымыз
- айқасқан құрыш
білек,

Өстік
әрбір пендеге ырыс тілеп...

Бірен-саран
Жантықтар жүрді бірақ,

Басқан
ізді күшікше тіміскілеп...

Күшті
болсаң, кел енді, бұзып қара,

Достық
атты айдында жүзіп барам!

Ортамызда
бір Жантық жүрмесе ғой,

Болмас еді тірлік те қызық маған...