ВЕРНУТЬСЯ

Біздің мынау «Қарағай басын шортан шалған» заманда
азып-тозудың алапат ағынымен бірге кетпей, Елдікті, Егемендікті сақтап қалу,
алдымен соны иелену, татулықты, бірлікті тегеурінді тірек ету - Отандық, мемлекеттік
биік дәрежеде ұстап тұру - қиынның қиыны екені баршаға мәлім.
Өз алдына
дербестік, егемендік алдық - деп қуанғанда, шүкіршілік еткенде, ал енді не
істеп, не қоятынымыз туралы ұшы-қиыры жоқ мәселелер алдыңнан андап шығары
сөзсіз. Ондаған жыл қол-аяғың тұсаулы болып келіп, сол қырсық бүғау шешіле
кеткенде, бет алды құла дүзге тұра шаба жөнелмейсің ғой.Енді бүкіл тұрмыс,
тіршілік иесі - өзіңсің, сондық- тан кемел ақыл, кемеңгер ой, мөлшерлі әрекет
енді өзінде қалды. Енді ешкімге, әлдебір жоғарыға жалтаң. Өзі би, өзі
қожалықтың рахаты мен көрер қиыны да көп. Жауапкершілікті енді өзің арқалайтын
күн туады. Біз ең алдымен
ойсыздықтан, ақылдың жұмыссыздығынан қүтылдық. Бұл жағдай керемет тарихи оқиға
екені даусыз, бірақ енді сол ойды ақылды іздеп табу керек, ол үнемі қалтаңа
сақтап жүрген нөрсе емес. Сондықтан «осы ақылды- ау» дегендер бас қосып,
ортадан ортақ, дені дұрыс ой, сол ой арқылы өкінішсіз ортақ шешімге келу керек.
Бұрын «бәленше- кең айтты-біттімен», әлде кімнің ауру басының аузына түсірген
сөзімен, қаншама ел бүлінді, шаруа қирады, «қайта құрдық», «қайта құрдық». Ол
өткен белестерді тізіп шығудың өзі - қиямет. Ия, Егемендік дегеннің біз алдымен
не екенін түсініп алуымыз керек. Құр жалаң қуаныштан, далақтап шаба беруден
тапқан пайдамыз белгілі. Жаппай ел болып ойланатын күн туды. Қаулыдан соң
қаулы, жарлықтан соң жарлық жарысын бірыңғай қызығып кетпей, алдымен соның
шешілу кезегін анықтап, кезінде шешілген істі елге көрсетіп, дөлелдеп алып, сол
игіліктің дәмін татқызып барып, келесісіне көшкен қандай ғанибет! Баяғы «ескі»
екпін, еріксіз ағын, дәстүр біздің жаңа ниет-қимылымызға көпке дейін кедергі
болары сөзсіз. Ол - әлі ұзақ мысқылдап шығатын дерт.Қазір «егемендік алдық,
енді бәрін біржолата шешіп тастаймыз, орнатып тастаймыз» деушілер жеткілікті. «Аналар
сөйтіп жатыр, біз неге өйтпейміз?» дегендер де көп-ақ. Бұл - ағашты еге салып,
«мынаның жемісі Қандай?» дегенмен бірдей ғой. Қазақстан - өзге республикалардан
қазіргі бітім, жаратылысымы өзінің
көлемі мен шаруасының көлемін  - мүлдем
бәлек кеңістік, бөлек мінезді республика екенін естен шығаруға болмайды. Бұл мұхитта жүзетін алып лайнер секілді
республиканың, қазіргі мемлекеттің әрекет-қимылы аса бір асығыстықты көтермесе
керек. Қашанда бізді құртып келген асығыс шешім, қате қаулы, үстірт әрекет.
Алға жылжитын толып жатқан адымдарымызға кедергі, тұсау. Бір істі ор- натып,
қайта бүзу - екі рет, үш рет қайта жөндеу бо- лып келді. Мұның бәрі біздің
шаруа жүргізу мәдениетінен, іскерліктен, тәжірибеден мақрұм болғандығы- мызға
дәлел. Бұл - қандай дарынды халықтың дарынсыз басшыларынан болған жұмыс.Ал
қазіргі Егемендік енді оны көтермейді. Жеңісті де өзгеден, кемісті де өзгеден
көретін уақыт келмеске кетті. Егемендік,
ең алдымен, елдің талантты, ақылды, жігерлі жастарын, азаматтарын өмір алаңына
шақыра- ды, яғни халық қайраткерлерін дербес тәрбиелеп өсіреді деген сөз. Осы
өсу, осы тамаша құбылыс арқылы бүкіл ел, оның ұрпағы, адамдары жаңарады. Ол
жаңару - халық санасының, рухани тіршілігінің мүлдем жаңаруына әкеп соғады.
Сайып келгенде - Егемендік, Еркіндік - жаңа қазақ халқын туғызады. Егемендікті қадірі
тек Еркіндікте емес, сол Еркіндіктің арқасында халықтың қайта түлеуінде, қайта
жаңғыруында. Біздің Егемендік дегендегі - арманымыз осы.
 Қазақ халқы қаншама қырсық, кедергіге қарамастан, өз қанында өсімтал,
жаңалықты шапшаң қабылдағыш, сергек те ершіл, өміршең халық.
Қалай
десең де, соңғы 20-30 жылда оның ұрпағы тез өсіп, көптеген өркениет
(цивилизация) үлгілеріне қол жеткізгені анық. Әрине, халық та теңіз тұлғалас,
оның төменгі, ортаңғы, үстіңгі иірімдері, толқын, ағыстары бар. Олардың бірі жаман
болғанмен, бірі жақсы болуы занды. Біз алдымен жақсылықты көруіміз керек. Яғни
сол игілікті көрім, ағыстары жоғарғы қабатқа алып шығуға жәрдем- десу керек. Ал
құр: «біз жаманбыз, наданбыз, құрып кете жаздадық» деп, байбалам салумен жұртты
көтере алмайсың, біреуді «сен жамансың» деп алып, жақсартқ- анды көрген жоқпыз.
Адамға үміт, сенім қымбат, халыққа одан да қымбат.Жоғарыда Егемендік халықты
жаңартады дедік. Ол жаңарту - халықтың ой, санасының жаңаруы, рухани жан-дүниесінің
жаңаруы. Алдымен ең үлкен апат - халықтың осы рухани еңсесінің төмен түсіп
кетуі, яғни рухани аштық апаты. Ал біз осы уақытқа дейін рухани аштыққа
ұрынғанымыз жоқ еді. Тұрмыс аштығына, пен күйсіздікке талай ұшырағанымыз да
біздің өз кінәміз емес, өз керенау, бейқамдығымыз емес, біздің халықты
арамтамақ, жатыпішер, жалқау деп ешкім сөге алмайды. Сонау далада, қиыр,
меңіреу алыс түкпірде ертеден қара кешке, дем алыссыз, тынымсыз  малын бағып, шөбін шауып, егінін егіп жүрген
де - сол қазақтар. Айт-айт, біз осы ғасырда мемлекет қолымен, әсіресе, соңғы
40-50 жылда кілең төресымақ, ақсаусақ, арамтамақ әкімдердің санын өсіріп
жібердік, еңбек етушілерде еңбексіздердің көлемі әлденеше есе асып түсті. Бұлардың
тамағы, тұтынар бұйымы, ермегі, қызығы - бәрі де байғұс қойшылардың мойнына
асылды. Тұрмыстағы масылдыққа рухани масылдық қосылды. Адамзат мәдениетінде қол
жеткізу түгіл, талпыну да жайына қалды. Дала еңбекшілері мәдениет ошақтарынан
мүлде аулақта болса, ошақ түбіндегілер сол алыстағы
елді «отарлаушылар», өз қызығына азық іздеушілер, айқайшылдық, ұраншылдықпен
күн өткізіп, қасындағы мәдениеттен құр алақан қалушылар болып, бүкіл ел мекендеушілер солайша екі топқа
бөлінді. Екеуі де мәдениет, рухани өмірден тым аулақта жатты.Мәдениетті,
кісілікті, ар-ұятты ішкен тамақ, киген киіммен көрсеткісі келетін адам-мүскін,
манекендер сенің көркем әдебиетің, ғылымың, өнерің, сурет, музыка қазынаңа
қайтып оралмастай күн кешті. Сөйтіп, біздің сонау көне ғасырлардан келе жатқан,
өз халқымыз қырылып-жойылып жүріп өтсе де жоғалтпаған рухани қазынамыз, ауыз
әдебиеті мен ән-күйіміз, қол- өнеріміз «алты қырдың астында» қалды. He жаңалығымыз
жоқ, не ескіміз жоқ хәлге ұшырадық. Егемендік атты дәуреніміз енді туғанда -
біздің ескіден ұстап қалған тұлдырымыз осы еді. Сонда да болса, жоғарыда айтқандай, он жылда аракідік жаңарған сайын
көзімізді бір ашып қалып, әлгі рухани жарыққа, мәдениетке ұмтылып отырған
жағдайымыз болды. Бұған мысал 60-70 жылдардағы қазақ өдебиетінің өркендеуі -
проза, поэзия, драматургия саласындағы шоқтықты шығармалардың жарыққа шығуы,
музыкада, театр өнерінде ірі опера, симфониялық шығармалар, тарихи, осы заман
туралы пьессалар, қойылымдар, баспалардың ашылып, epic алуы, әсіресе көркем
әдебиет шығармаларының тираж санының қауырт өсуі, олардың 50-100 мыңға дейін
жетуі, газет-журналдардың көбеюі,
мың-мыңдап таралуы, шіркін, бір
жан қуантар серпіліс халық жанының тамаша көрінісіндей еді! Әлі есімде,
«Жұлдыз» журналының тиражы 70 жылдардың басында 22 мыңға жеткен еді. Сонда өзі
қатар бүкіл одақ әдеби журналдары таңдайын қаққан болатын. «Қазақ халқы қайта
өрлеу (ренессанс) дәуірінде тұр екен» дескен. Міне, баспасөз таратылу сапасының
биіктігі - сол халықтың рухани дәрежесінің көрінісі деген осы. Біз бұған кейде
мән бере бермейміз. Жоғарыдан таратып келе жатқан сөзіміз - Егемендіктің
мән-мағынасы және оның рухани-мәдени өмірімізге жасайтын ықпалы жайында еді ғой...
Біздіңше, бүгінгі танда Егемендіктің арқасында қол жетер үлкен тұлғалы
мәселелердің бірі - осы рухани қуаңшылықты жеңу, ақыл, ой, тіл, сөз еркіндік
алған сәтте - қауырт өркендеу мәселесі. Егер біз тездетсек - осы мәселені
тездету керек. Рас, соңғы бір-екі жылда Егемендіктің, демократия мен
жариялылықтың арқасында талай асылдың, қазынаның көзі ашылды, ұлттық рухани мұраларымыз
қайтып орнына келе бастады. Тарихымыз да, әдебиетіміз де солармен байып,
дәулеттенетүсті. Ел, халық мақтанышы - ерлер, батырлар, билер мен шешендер,
көсемдер аруағы қайта тіріледі. Қазақ халқына бұл дәуірдің бұл олжасын айтпау
мүмкін емес.
Ұлттық, елдік мақтаныш, ар, намыс оянды. Бұл - тарихи
жеңіс еді.
Енді осы жеңіске өріс керек. Әдетте, жаңару, жаңғыру
процесінің үстінде бұрынғы болып келген, өлі де жойылу қарқыны баяу ескі-құсқы,
көң- қоңыр, ылай-батпақтардың тасқын айдап жоғарғы қабатқа бадырайып шығып
жататыны болады. Бұл ең соңғы жаманат, дерттің құрып-біту алдындағы жантала- сы
(агониясы) деп қарау керек. Осы күнгі ұрлық-қарлық, кісі өлтіру, тонау,
ғайбат-қиянат, өсек-лақап берберісі сол қоқыр-қоқыстар. Осыған қарсы аянбай күрес
ашатын - Еркін қоғам, Егемендік парасат мемлекеті, оның өмір заңы болмақ.  Осы егемендік жолындағы ең мықты, пәрменді құрал
- баспасөз, газет-журналдар мен радио-теледи- дар. Осы құралдарды барынша
бірлікпен, әділеттілік, алғырлық, қырағылық, ақыл-ой таразысымен күшті пайдалансақ керек. Айтайын деп отырған
басты мәселе - қазіргі таңда баспасөз тарату мәселесі. Қазір бүкіл
республикада бас- пасөзге жазылу науқаны жүріп жатыр. Бұл - Егемендік алу
жылының жазылу науқаны. Науқан деген сөзден қашудың
керегі жоқ. Дәл осы жерде ол жақсы мағынасында тұр. Ал енді осы жұмыстың
нәтижесі, біздің күтуімізше, биыл өзге жылдардан қарқыны айрықша болуға тиіс еді. Бірақ алғашқы мәлімет
онша Жан қуантып тұрған жоқ. Оған қарасаң, жылдағыдан да баяу секілді көрінеді.
Ал осының себебі не? Әрине, оған басты себеп нарықтық экономика жағдайында баспасөздің
бағасы тым асқақтап кетуінде болып отыр дегенге
саяды. Екінші себеп - қазір әсіресе газеттердің саны тым көбейіп кетуі. Осыған
байланысты олардың басылым ретінде өмір сүру күресі, барынша үгіт-наси- хат құралын
пайдалану, бәсеке-шеберлік тайталасының өрістеуі. Бұл, бір жағынан, қуанышты құбылыс
екені де рас. Әр облыс, аудан, әр бейресім қоғамдық ұйымдар, толып жатқан кәсіптік
мекемелер мен профсоюз, жастар газеті, экономикалық, экологиялық жарияланымдар,
сайып келгенде, журналистика саласыны өрістеуіне, жазу мәдениетінің өмір
шындықтарының мол қамтылуына үлкен ықпал етеді. Оны да жариялылықтың,
егемендіктің нәтижесі деп қарау керек. Сонымен бірге газет-журналдардың бәрінің
қадірі де бірдей емес, бөрінің де ұлттық мәдениетке, тілге, білімге қосатын
үлесі де бірдей емес. Әрине, әр газет, журналдың өз оқушысы бар, оған талас
жоқ. «Сонда да олардың бар таңдамасы» дегендей, біздің көзімізге де, көңілімізге
де ыстық бұрынғы аға газет-журналдар. Олардың ең басывда «Егеменді Қазақстан»
тұрады. Бұл - біздің баспасөзіміздің қара шаңырағы. Мемлекетіміздің тұңғыш үні,
алғашқы дауысы. Соңғы екі-үш жылдың ішінде «Соц. Қазақстан» өзінің еркін
дауысын, қашан да мол ауқымын одан сайын ұлғайтты, егемендік статустан да бұрын
өмірдің толғақты мәселелерін қозғап үлгірген, бұрынғы жайдақ мәлімет, жадау
тілден бірден айығуға қадам басты да, газет өзінің ең алғашқы идеясы - шешуші
сөздің иесі, елдің киелі алқасы, кеншісі есебіндегі міндетіне тез ауысты.
«Егеменді Қазақстан» қордалы мәселелерді қопара жазып, жалтақсыз да,
жарамсақсыз да тура сөзге, дуалы ауызға айналды. Мұны республика оқырмандары
бірыңғай мойындады. Ол өзінің баспасөзіміздегі отағасылық билігін түбегейлі түрде
түптеп қолға алды. «Егеменді Қазақстан» сөзіне бұрын да жүгініп, тоқтап келген,
бұдан былай да орнықты сез сенікі деп біледі. Біздің келесі қадірлейтін әдеби
басылымдар - «Қазақ әдебиеті» газеті мен «Жұлдыз» журналы. Әдебиетте,
мәдениетте не жаңалық бар, нендей талант дүниеге келді, әдебиетіміз қандай халде? - деген басты сұрақтарға осы
басылымдар өз шамасымен жауап беріп келеді. Сондықтан бұлардың баяғы
тілектестері қайта оралар. «Лениншіл жас» («Жас Алаш») өзінің жастық қайраты,
батылдығы, шапшаң жеделдігі жағынан баяғыдан бері ерекшеленетін газет.Қазіргі
жас ұрпақ проблемасы, соларды тәрбиелееу, есіру, адамдыққа баулу мәселесі өте
толғақты, аса маңызды болып тұрған сәтте «Жас Алаш» бастаған жастар баспасөзі
толассыз қайрат көрсетуге тура келді. Журналистиканың бай тәжірбиесі,
үлгі-өнегесі, эсте- тикалық өрісі, шеберлік дәрежесі, жалпы адамдық, гуманистік
сипаты жөнінен «Егеменді Қазақстанның» ағалық мектебінен, біздіңше, жақсы үйреніп
келе жат- қан «Жас Алаштың» іс-қадамына сүйсінеміз.
Ешқандай ала-құлалықсыз айтарымыз «Халық кеңесі»
бастаған жаңа басылымдар төңірегіне де таланты да, тәжірбиелі жақсы журналистер
жиналған.
Осылардың көбі «Егеменді Қазақстанның» ұсталық көрігінен шындалып
шыққан қаламгерлер.
Қысқасы, баспасөз құралдары қаулап өскен Қазақстан
егемендігі жайлы жырлайтын қаламгерлерін сайлап шығады десе болғандай.
Біздің
аландайтынымыз - енді осы
басылымдарға жазылу барысының қанағаттанғысыз болуы. Бұл - халықтық намысқа шабатын
шаруа. Егеменді болғандағысы - болмағандағысынан төмен деген сөз - намыс емей
немене? Қазір бір көйлектің бағасы он газетке жазылғаннан қымбат екен. Оған
қарап, намысты құрбан етуге бола ма? «Құдай несібесінен айырмасын, жанымның азығы таусылмасын» дейтін бұрынғылар әлі де бар шығар. «Газет,
журнал оқымаған көз құрсын» дейтін ер көңіл азамат-жастар ел айнасына үңілмей
тұрар ма! Қауырт шаруа қол тигізбейтіні рас, алыс жайлаудан төмен оралып
келгенше қалдырып кеткен қаражаты әлдекімнің тартпасында не қалтасында жататын
жағдай болады дейсің. Дегенмен бір қимылдап кетсе, баудай түсіретін бауырлар
әлі де мол болса керек. Жасқаншақ, тартыншақ заман өтті, өзін-өзі төрбиелеп,
қатарынан қалуды қорлық көрген
намыскерлер шықсын жұрт алдына!
Ауызбірлік, береке, тірлік жасасын! Сонда ғана бүгінгі «Егеменді Қазақстан» туы
биіктей түспек.