ВЕРНУТЬСЯ

    Каховка, Каховка - родная винтовка...
    М. Светлов.
    Эх,винтовка, винтовка, 
Сен қорғанысың
солдат жанының
Кеудедегі көгімдей
қаһарлы от жалының.
Свастикалы
сұмдардың қара жүрегін
Сен қорғасын
оқпен қарыдың.
Бүгін Рейхстатты
нысанаңа тіктім,
Бұл менің
солдаттық парызым.
Эх винтовка, винтовка,
Сен қорғанысың солдат жанының!
Біз ауыр жолдардан өттік,
Жүзімізді үскірік
қарып,
Дивизия тарихын
жеңіспен жазып,
Москва түбінен
алға ұмтылдық
Өлімді өр
кеудемізбен қағып.
Днепр бойында
бекіндік берік,
Алма бақтардан
окоптар қазып...
Балқанды өрлеп
Альпаға жеттік,
Жау қамалын
найзамен жарып.
Біз ауыр
жолдардан өттік
Жүзімізді үскірік
қарып!
Әлі есімде, сол бір ақ шашты ана,
Қайда еді?
Я, Каховка түбінде,
Украина үшін ауыр
айқастар күнінде,
Өртенген
деревняда қарсы алды бізді,
Қабыршақтанған
қан бар еді,
Қан бар еді оның
әжімді жүзінде.
Әлі есімде сол
бір ақ шашты ана,
Қайда еді?
Я, Каховка түбінде.
Ол бізді құшақтап
сүйді,
Қайнар жасы
жүзіме құйылды.
Әңгіме еткен жоқ
ана бүлінген бұйымды,
Тек, фашистер күң
ғып әкеткен
Жалғыз қызын азат
етуді бұйырды.
Үш саусағын маңдайға апарды да,
Тәңірісіне ұзақ, ұзақ сыйынды.
Ол құшақтап сүйді
бізді,
Қайнар жасы
жүзіме құйылды...
Эх, винтовка, винтовка,
Сен серігісің
солдат жанының,
Жауға зауал боп тиді қаһарлы от
Жалының
Свастикалы сұмдардың қара жүрегін
Сен қорғасын
оқпен қарыдың.
Бүгін Рейхстагты
нысанаңа тіктім мен,
Бұл ақ шашты ана
алдындағы қарызым.
Эх, винтовка, винтовка,
Сен серігісің солдат жанының!
Вена маңы, 1945