ВЕРНУТЬСЯ

           (Кәдірбайға)Асыл досым, сағынысып көріскен,Жем суынан менде ішкенмін, сен ішкен.Кеше еді ғой... құрбы-құрдас, балғын кез,Тай-құлындай тебіскен.Көңіл әлі сол шақтарға желуде,Өмір нәрі – досқа назар бөлуде.Нанайын ба, нанбайын ба досым-ау,Қалай ғана кеп қалыппыз елуге?Сан қауіптің қыл шылбырын үзгенбіз,Талай сырдан гауһар-моншақ тізгенбіз.Қызғалдағын теріп қырдың қырмызы,Қамыскөлдің толқынына жүзгенбіз.Кез еді  ол жанарда от маздаған,Достық көңіл боз інген боп боздаған.Құлсарыда ең биік үй-ұямыз,Мұғалімге ғашық бола жаздаған.Қазір міне, ақылманбыз, іріміз,Жарасады әзіліміз, жырымыз.Құда түсіп қалыңдықтың ауылына,Үйлендірдік бірімізді-біріміз.Жанымызда қыз мүсінді жарымыз,Таусылған жоқ елге берер барымыз.Кідіре тұр, Елу аға,Жүргенде, Жиырма бестің бақшасында әлі біз.Көштің көркі кеп салтанат, сәніміз,Шырқалуда бақыт жайлы әніміз.Кідіре тұр, Елу аға,Жүргенде,Отыз жастың бақшасында әлі біз.Керуенге ұласыпты сәніміз,Шырқалуда шаттық жайлы әніміз.Кідіре тұр, Елу аға,Жүргенде,Қырық жастың бақшасында әлі біз.Өзгешелеу, маңыздылау әуені,Адамзаттың бәрі содан дәмелі.Суарылған бал мен кермек нәрінен,Ер Елудің бақшасында мәуелі,-Дейді өзгелер: - бұл бақшаға кірерде,Жүрегіңді мықтаңқыра әуелі.Жиырма бестің қиып түсер қылышы да осында,Отыз жастың орда бұзар ырысы да осында.Қырық жастың қамал алар нұр ісі де осында.Сосын ба?...От оранған он сегізде, қарт жүзің де мақұлдар,Осы Елуде- қазына бар, ақыл бар.Сол ақылға бағынады Ару да,Сол ақылға бағынады қару да.Бәрі ынтық мәуелі бақ елудің,Жемісінен дәм татуға, баруға.Олай болса кемел кезің – бұл кезің,Өн бойыңда лапылдасын Гүл-сезім.Елуінде-Ел басқарар Дана болғың келе ме,Қорғансызға пана болғың келе ме,Ісі шала бала болғың келе ме,Асыл досым, білші өзің!!!