ВЕРНУТЬСЯ

    Белдері шықпай
бесіктен

Ер салған қайқы беліңе,

Бас сұқпай жатып есіктен

Салмағын салған еліңе.

Тізгінге қолы жеткенде

Қарай ма ата-тегіңе.

Тепкілеп жұмсап тектіңді,

Күн көрсетпес асыл еріңе.

Қасірет, қайғы егеді,

Ектірмей егін жеріңе.

Өзіңді
булап өлтірер

Маңдайдан аққан теріңе.

Үн қосып қалай
тыңдасын

Көңілдің
шертпе шеріне.

Еңдеше, мұндай
сұмпайы,

Жайғасқан жұртты төріне,

Тықпасын неге көріне?!