ВЕРНУТЬСЯ

Қарағым, еркем,Маралым, еркем!Бар әнім еркем,Бар әлім, еркем!Алдыңнан жел боп,Шабамын, еркем!Өзіңді қайдан,Табамын, еркем! Жарық күнім-ай,Атқан айым-ай!Пәк жұлдызым-ай,Бақ талайым-ай!Жүректі саған,Ақтарайын-ай!Сандуғашым-ай,Қарлығашым-ай,Күйдіресің-ай,Жандырасың-ай.Шөлімді қашан,Қандырасың-ай! Кел десең қайда,Келемін, еркем!Кет десең оған,Көнемін, еркем!  От болып отқа,Енемін, еркем!Қалайша сенсіз,Сөнемін, еркем!Алма жүзің-ай,Айдан аппақ-ай!Тұрмайды көзім,Тайғанақтап-ай!Жалынға түстім,Жәй қарап қап-ай,Кете алмай қойдым,Айналақтап-ай!Сандуғашым-ай,Қарлығашым-ай,Күйдіресің-ай,Жандырасың-ай.Шөлімді қашан,Қандырасың-ай! Жел болып зулап,Барамын, еркем!От болып лаулап,Жанамын, еркем!Өзіңді жар ғып,Аламын, еркем!Жалғыз боп қалай,Қаламын, еркем! Аппағым, еркем!Арайлым, еркем!Келер деп жолға,Қараймын, еркем!Жаныма сені,Балаймын, еркем!Жалғыз-ақ сені,Қалаймын, еркем!Қапастан шығып,Бір құсым кетті.Енді оны қалай,Қамаймын, еркем?!.            14.ХІ.1999 жыл