ВЕРНУТЬСЯ

    Сен
жайлы қос қанатын қақты да аңыз,

Мен
саған ғашық болдым аққұба қыз.

Мен
сені сүйдім-дағы
шын көңілмен,

Жоғалттым
сол бір ғажап
шақты нағыз.

Өмірге
қонақ ең сен шақырылған,

Сезімің
аулақ еді жат ұғымнан!

Үйіміз
бір болса да, қашық тұрды

Арамыз,
әлденеше шақырымнан.

Жетпейтін
екі ортамыз қарға адымға,

Осы
да шалғай еді арға мұнда!

Сол
үшін
солтүстікте мен жаттым да,

Сен
тұрдың
экватор ар жағында.

Өтті
айлар, өтті жылдар нелер белден,

Шағыңды
көре алмадым
кемелденген.

Қоңыржай
самал ессе, елең еттім.

Қуаныш
хабар ма, - деп сенен келген.

Жайқалып
жапан түзде өнген
егін,

Көретін
Ай - әлемнің кең көлемін,

Аққу
құс ұқтыратын көлге
демін,

Осының
барлығы да сен бе дедім.

Уақыт
алға аттаған алмай тыным,

Қарлығаш
- қос қанаты талмайтұғын

Баяғы
бала күнгі сен бе дедім -

Бақтағы
бұлбұлды да сайрайтұғын.

Сан
сезім осылайша ұшты бүгін,

Сағынып
шалғайдағы құстың үнін.

Көңілді
мұз боп қатқан жібітеді-ау,

Махаббат, сенің шіркін күштілігің.