ВЕРНУТЬСЯ

     Басымызға
түскен кезде қиындық,

Адамға
да,

"аллаға
да" сыйындық.

Елдің
қорлық көргеніне - күйіндік,

Сол
қорлықты жеңгеніне - сүйіндік.

Нәр
татпай-ақ жүрсек-тағы бұралып,

Жыламадық!

Жығылмадық!

Шыдадық!

Елмен
бірге қиындықты көтердік,

Басымызға
не түссе де құп алып.

Ыстыққа
да,

Суыққа
да ұрындық,

Сондай
кезде бола білдік - мұрындық!

Көлеңке
де,

Баспана
да - бәрі де,

Адамдардың
қолында деп ұғындық...

Соған
және жұрттың
бәрін сендірдік,

Сол
сенімге кайғыны да жеңдірдік!

Жеңе
алмас па ек, кім біледі, жауды да

Бір
ауыз боп танытпаса ел бірлік.

Ауыр
шақта ауыз бірлік таныттық,

Ерлік!
Жеңіс! -

Болды
бәрі халықтық!

Әлдекімдер
әперген жоқ Даңқты,

Әкелгендер
қыршын кетті, жарықтық.

Талай
боздақ өзгертсе
де қонысын,

Ақтап
етті азаматтық борышын...

Аты-жөнін жүректерге жазып ап,

Қабіріне
бас иеміз сол
үшін!

Күнде
әкеліп қояды оған халық гүл:

Қыршын
кеткен әрбір боздақ -

Даңқ
бұл!

Қыршындардың
қызыл қаны

Мәңгілік

Алау болып бақ ішінде жанып тұр!..