ВЕРНУТЬСЯ

      Мұнартып ертелі-кеш көктің алды,

Жаз
өтіп, мезгіл еді күз таяған.

-      Сен бала, қайдан жүрсің? -
деп сұрады,

Бұрыштан
шыға келген Ізтай ағам.

Сөйтті
де қоя берді өлеңдетіп:

-      Ағаңның бір нәрседен сағы сынды.

Жаратқан
сені тәңір өнерлі етіп,

Айтпай-ақ
білесің ғой мәнісімді?!

Сен
едің Неталиев Мақсұт деген,

Өсірді
анаң сені ақ сүтпенен.

Қалтамда
көк тиын жоқ!

Шынымды
айтсам,

Бір-екі
саптыаяққа қақсып келем.

-      Жүр! - дедім, - Ізтай аға,
жүр
ендеше,

Шәмілге
де айта сал, жүрем десе.

"Ақаң"
жаққа әліміз жетпесе де,

Саптыаяқты
табармыз бірер кесе!

Күлді
Ізағаң кеңкілдеп:

-      Әйда кеттік!

Жаяу-жалпы
сыра бар сайға жеттік.

Ақ
қайыңның түбінде қыздар отыр,

Әзіл
тастап, тиісіп қайрап өттік.

-      Абайлаңдар, аш құрсақ тиіспеңдер!

Сыра
қойып алдымен сый істеңдер.

Қара
көздер қай жаққа қашар дейсің,

Мезгіл
бар ғой танысып, сүйіссеңдер!

Арқа
сүйер жоқ болып үлкен тірек,

Алда-жалда
жүрмесін жыр тентіреп!

Көтерелік
сол үшін! - дейді ағамыз,

Жіберіппіз
сол үшін сілтеңкіреп...

Ары
таза, бұзылып, бүлінбеген -

Аруларға
арналсын бүгінгі өлең! -

Деп
алды да Ізағаң әнге басты,

Қарап
қойып қыздарға күлімдеген!.

"Күлімдеген
қара көздер қалалық,

Көп
карайсың көрген сайын қадалып.

Қарағаның
кандай жаксы,
қарағым,

Қандай
тұнық сырға толы жанарың!"

Жан-жақтан
қосылдық та жамырасып,

Сол
әнге кетті дейсің ән ұласып.

Жүрсе
де азып-тозып, арып-ашып,

Пенденің
сұлулыққа бәрі ғашық!:

"Жанап
мені өткеніңде
жымиып,

Жалт
қараймын, көп қараймын қиылып.

Күлімдеген
қара көздер сүзіле

Жаутаңдатты-ау,
жаутаңдатты-ау ізіне"

Бұрылмай
басқа жаққа, басқа маңға

Мықты
бір айналғандай тас қамалға,

Күн
бата қайттық үйге

Астананы
-

Ақ жаңбыр шомылдыра бастағанда!