ВЕРНУТЬСЯ

Қалың ойды қалың шаштай тараймын,күдiктердi қара түнге қамаймын.Санадағы жалғыз түйiр үмiттi,қайта-қайта санаймын. Таң атады күлiмдей,Күн батады бiлiнбей.Шимай-шимай қағаздарды лақтырдым,Жанып-жанып бiткен ойдың күлiндей. Жанып бiткен.Қалар емес сонда да.Ақ қаламым жүгiретiн қолбала.Қара түндi қағаздайын умаждап,Отыратын мен ғана.