ВЕРНУТЬСЯ

    Ай, пенделер, пенделер-ай, пенделер -

Қашан рух, қашан құлқың жөнделер?

Байқайсың ба, аз ғұмырды қысқарта

Айың-күнің шыр айналар, дөңгелер.

Бұл жарыққа шықтың болды өтерсің,

Шексіздікке бір нүкте боп жетерсің.

Жерде сүрген жүз жыл ғұмыр - көктегі

Бір-ақ сөттік.

Обал, обал - бекер, тым.

Сайтанға ердің, арам іштің - адастың,

Мансап қудың, ар аттадың, таластың.

Мәңгі өмірді, күні ертеңгі ойламай

Құдайсызбен, имансызбен жарастың.

Жаратты Алла сонша байлық біз үшін,

Пенделердің байқап көрші сіз ісін -

Бәрін шашар тақ жолына - қараңдар,

Жан берісер қошқарладың сүзісін.

Денің де сау ішсең асты шамалап

(Солай етер асыл жанды азамат).

Ен байлыққа ие етер бәрінді

Қолындағы ең асыл зат - қанағат!..

Босқа жатыр сол қазына алынбай,

Қожа болшы, тегін нәрсе, жалынбай.

Сол "Қанағат" - бар аранды тойдырар,

Тек мойында, табар сосын жаның жай.

...Пайғамбарша - Алла сөзін мәнді ғып,

Жүрсең, бұл Жер, Жұмақ болар мәңгілік.

...Бір сағаттық өмірінді өткізші,

Бес парызбен, иман жолын сәнді ғып!..