ВЕРНУТЬСЯ

   Жақия Сейітқазиевқа
  Европаның тас көшесін
Күңірентті жеңіс
жыры,
Шет елдіктер
таңданғандай,
Аша салып терезені,
Қарай қалды көз алмастан
Лек-лек толқып өткен
сапқа,
Ал қызыл ту төбеде
ойнап
Бет түзеген күн
батысқа.
Өтіп барад, өтіп
барад
Гвардия сұр
киімді,
Бейне асау
толқындайын
Талқан етіп
кедергіні.
Батыр елдің ұрпақтары,
Ұлты өзге, тілегі бір.
Сталиннің сұңқарлары
Мақсаты бір,
жүрегі бір.
Топ ішінде - қара
бала,
Бүйрек бетті,
келте мұрын,
Батыс халқы
көрген емес
Ондай ұлды бұдан
бұрын.
Нықтап басқан қадамдардан
Ескі қала тас
көшесі
Омырылып
ойылғандай,
Үй біткендер дірілдесті.
Қаттырақ бас, қара бала,
Қара бала -
қарашығым,
Көрсін, білсін
қарт Европа
Шыңда өскен қазақ
ұлын.
Кеше олар қонысыңды
Алмақ болды сенің
жаулап,
Құдіретіңе төзбей
бүгін,
Қол қусырды, бас
сауғалап.
Әне, оған гүл тастады
Жат елдік қыз
терезеден,
Орденді кең
көкірегін
Күліп сүйді күн
төбеден.
Әне, шет ел офицері
Сәлем берді дала ұлына.
Тым тәкаппар,
елемейді,
Көз салмайды қара
бала.
Өтіп барад, өтіп барад
Гвардия сұр
киімді,
Бейне асау
толқындайын,
Талқан етіп кедергіні.
Күңірентті жеңіс жыры
Тас кешесің
Европаның,
Шет жерліктер
тәжім етіп,
Құттықтады Совет
ұлын.
Сүйсіндім де, жыр арнадым
Мен жерлесім - бауырыма,
Қарт Балқаннан
салған әнім
Жеткей туған
ауылыңа.
Бухарест - София
октябрь, 1944.