ВЕРНУТЬСЯ

 
«Қос көлдің қуы кетіп,
қазы қалды, Өмірдің көбі өтіп, азы қалды...»
- Уау, ай-ай деген!
... Жәлел шырқап келеді.
Бесіннен екіндіге қарай күн де
зымырай түседі. Жолелдің әні:
жаңағы шығарып салған жігіттердің қосыла шырқаған қалың дауысынан бөлініп
қалған қалың киігінен жол дүбірі дәуірлеп сала бергенде сарқыт секілді.
Осылай
кейде мына Сарыдаланың бір киік беліне қашар болар еді... Осылай кейде бәйге
аттарының ә дегендегі аламан тасырынан бара-бара жалғыз қара үзіліп шығар еді.
            Шіркін, дала! Далада жүргенінде
бар әрекет құбыльісының сол далаға ұқсайтын да тұратынын қайтерсің!
Қалада
жүргенде әке деп жалынып, әу дегізе алмай-
тындар, қырға шыққанда көмейі
талмайтын әнші боп кетерін қайтерсің! Сондағы олардың ажарын айтсайшы! Адамға
біткен жақсылық нұры, табиғат сыйы - ой ой-
лау мен сезім сезіну - бәр-бәрісі
сыртқа бір жайнап шығады-ау.
            Дала еркіндіктің, азат
бойдың, еркеліктің үясы. Сен оның қойнында оның қараторғайымен ән қосасың. Сенің
бойыңнан даланың иісі шығады. Саған бұдан ар-
тық мақтау жоқ.
            Мұнда еркелей жүріп
ойлайсың, ойлап та жүріп ойнайсың. Далаға сен бар уақытта баласың. Дала сені ойнатады.
Бір кезде сол даланың қарттары да жастарын ойнатушы еді-ау! «Тек», «тәйт»,
«оның не?», «кой әрісі» жоқ еді-ау, «қит етсе» - «шиқ» ететін мінез болмайтын.
Осының бәрін далада келе жатып ойлайсың.
-        Уау,
ай-ай деген!
-        Жәке-ау, шаулайын
дегесің бе: шалдардың сарыны бар ма, қалай әнінде? - дейді Иран сал еркелеп.
-        Ей,
қалқасы-ай, оның да рас шығар, бірақ бүл әкем айтқан әндер ғой.
Әкем деп отырғаным - Тайжан ғой.
Менің өз әкем Шубай, Тайжанның туған інісі. Шаңыраққа ән мен жыр дарыған болса
керек. Соншама өнерден түк бүйырмаған ба, мынаусы мақрүмшалау екен - деп айтпасын
деп жатқан тірлік қой, - дейді Жәлел көзі жайтаң қағып. Тереңнен қозғала
жаздап, қозғала жаздап, бергі жағы «қой-қойлап» отырған қалпы бар тәрізді.
-        Бір
кезде, - дейді Тынышбек оның онысын байап қалғандай.
Тайжекең қара гармонын құлаштап
қалғанда, оның бір жақ шеті - Ұлытауға,
бір жақ шеті Қарсақбайға тіреледі
екен.
Машинаның іші
әйдай мәз. Мен Тынышбекке риза боп
қалдым. Айтқасын солай айту керек. Жәлел рас дерін де, бекер дерің де білмейді.
-        Сондай
болатыны рас, - деді бір кезде серігіміздің бірі, - нағыз арқалы әншілер,
ақындар өзің тәңірдей сезінбесе -
көпті табындыратын күшті қайдаң алады?
Сонда шабыттың буырқанған үстінде ол әлемді билеушімен
бірдей. Өйткені оның көңіл көзі мен қиял кеңістігінде
шек болмайды. Тайжекең шабыт қанатына мінгенде,
шынында да, оның гармоны өз көзіне де, ел көзіне
де солай өсіп көрінуі мүмкін. Искусстволық өнердің,
халықтың рухын өсіру қызметі деген осыдан шықпақ.
Мысалы, Тайбурылдың шабысы Қобыландының батырлығын әлденеше есе өсіріп тұрған құбылыс.
Тайжекеңнің
гармоны әлгіндей болғанда, оған сәйкес келетін
дауыс қандай болмақ? Кім айтса да, әдемі айтқан екен.
-        Қасындағы
серіктері ғой, - дейді Тынышбек.
-        Шіркін,
серіктерге не жетсін! - деп, жалғаса кетті Иран. Топшылайтын түрі бар. -
Ағалар-ау, бүл өмірде «серік» деген жақсы сөз бар. Сол сөз серік болатын
адамдар болған соң шыққан шығар. Сыңарға серік керек, жолға серік керек, өмір
деген бір сапар, алдымен соған серік керек, қазекең баласының атының көбін
Серік қоюшы еді ғой! «Пәлі! деген, мынауың кетті ғой сермеп» дегендей, Жәлел
қасындағы Иранға жалт қарады, қызыға қарайды. Жаңа танып отырғандай.
-          Иран,
сен өлең жазасың ба? - дедім мен.
-          Аздаған
бірдеме ғой, - деді ол күмілжіп.
Иә, жол жолаушылардың алуан қырлы
мінезін, қадір-қасиетін, бар болмысын әлдеқайда кең ашатын, ашуына ықтиярсыз
көндіретін нәрсе ме дейсің. Жұрттың жан көрінісі жағынан бәрі ақын секілді. Ақын
атаулының айырмасы - соның елден бұрын ерте
ашылатыны ма деп қаласың. Жұрттың
өз көңілін солардың айтып қоятынында ма деп қаласың. Мен осы ойдан арылғанда
арқан бойы қалған күннің дала жонына жалпақ жайылған жүмсақ Сары сәулесін біреу
дереу жинап алғандай, жан-жақ сәл күңгірт тартып, күннің екі жағынан бейне
қақпа тәрізденіп қара көк бұлт қоршап келеді екен
-          Бұның
енді ішінде бұлты да бар шығар. Бірак бұл аңсап келе жатқан қара қазанымыздың -
Қарсақ байымыздың
түтіні шығар, - дейді Жәлел тағы бір
әнгіменің шетін шошайтып, әңгіме
дегенің - қазеісеңнің киіз үйі десек - мына жігіт соның тігу әдісін тәуір біле
ме деп қалғандайсың. Әуелі кереге қанаттарын жайып, сықырлауық есігін байлап,
шаңырағын көтеріп, уығын шаншып, туырлығын жауып дегендей бірте-бірте өріп
әкете береді.
 -         Иә,
қарақазан болған соң, оның түтіні де қарағайдай екені рас қой, - дейді
Тынышбек, қазан астындағы отты үрлеп қойғандай.
-          Қарақазан
дегеніңіз жақсы екен! - деймін мен оған қарап. - Қазақтың алғашқы жезі
қорытылған қара қазаны демексіз ғой. Кіші ошақта әйелдері сүт пісірсе, үлкен
ошақта ерлері жез пісірген! О, жарықтық! Жігіттердің бәрі таңырқай қарады. Бұлт-түтіннің
екі жақ ернеуі қайқия барып, күнді аясына алып тұрып қапты да, төменгі
қапталдарынан сәл жіңішке жол ашылып, сол жіктен жер үстіне алтын сәуле құйылып
түр. Бейне алғашқы қара күрең мыстан енді таза сары мыстың өзі айырылып
шыққандай! Шынында, ғажап!
-          Қарсақбайдың
эмблемасындай екен, көкке асып қойған! - дедім мен, толқып кетіп. Қарсақбай! Қарсақбай
аты аталғанда оның бар тарихынан бұрын бізге аса бір ыстық кезі еске түседі.
Бүл жерде қазақтың дәуіріндегі ұлы ғалымы - Қаныш Имантай- ұлы Сәтбаев өзінің
кейін дүние жүзіне тараған даңқ сапарын бастаған. Өмірінің ең бір ғажайып
қарапайым жұмыскер шағын, арман, қиялға толы жастық кезеңін, ең тәтті күндерін
осы Қарсақбайда бастан кешкен. Ірі адамдардың, зор тұлғалардың, әдетте, әрекет
бастау бұлағы, кейінгі даңқына алғаш бесік болған мекен, орындар болатыны
белгілі. Қарсақбайды ауызға алғанда - Қанекең, Қанекеңді ауызға алғанда
Қарсақбай еске түсетіні - сондай жайт. Сондықтан біз Қарсақбайды коруді бастау
үшін алдымен Қанекеңе сәлем беруіміз керек. Осы ойымызды алдын-ала сезгендей:
 -         Қанекең
үйінен бастаймыз ғой, әрине, - деді аудандық совет атқару комитетінің
председателі Белгібай жолдас. Бұл
- құбақан түсті, ашық жүзді, Шекесі кең, маңдайлы, бет сүйегі жалпақ, кәдімгі қазақ кескінді, жайдары қоңырқай
жанарлы, салалы коңыр шашын үнемі сол қолының саусақтарымен кейің серпіп тастап
тұратын, қырықтарға жаңа іліккен жігіт. Біз музейге келдік. Музей дегенде бұл үй Қаныш Сәтбаевтың Қарсақбайда көп жыл тұрған
пәтері екең Ол кезге қарағанда бүл пәтер қаланың ең тәуір үщ болса керек.
Алдындағы кең верандасынан бүкіл Қар- сақбай көрінеді. Іште әжептәуір бөлмелер
бар. Музейді ұстап тұрған - қазір пенсионер, Ахмет Жүмабаев деген ақсақал кісі
екен. Ауылдық жерде бір кездері ірі азаматтармен іргелесіп жүріп, солардың
үлгі-тәрбиесін көп көрген, барлық қалып, жүріс түрыс, сөйлеу мәнері соларға ұқсас.
Олардың енді көзі жоғында өзін елестетіп, аттарының өзін бір түрлі ыстық сезім,
ықыласқа бөлеп айтатын осындай қарттар кездеседі. - Үйім іргесінде, қолым бос,
Қанекеңнің үйін қарауды өтініп өзім алдым. Жалақым жоқ. Айналайын атынан,
қадірлі Қаныштың қара орнын қарап отыруға ақы алып оңа ма кісі? Әйтеуір,
бірдемесін білмей айтайын деп, өзімше әр дүниесін бір зерттеп қоямын. Осы үйге
күнде ең алдымен кіретін көрушінің басы - өзім. Кірген сайын, әр затқа үңілген
сайын кешегімнен бүгінгі білгенім артық шығады, - дейді Ахаң, аса бір нәзіктікпен
асыл тастарды ақ болат қышқашпен саралап көрсетіп жатып. Иә, мұндағының бәрі
Қаныш Сәтбаевтың қандай ұлы ғалым, кемеңгер азамат, керемет жұмысшы екені  үнсіз баяндап тұр. Совет Одағының даңқты ғалымдары, өзге
дүние білімпаздары, партиямыздың аса көрнекті қайраткерлерінің шын әділ бағалы
сөздері, ол туралы ойлары бірінен-бірі көз алдымыздан жайлап сырғып өтіп жатыр.
Олардың өзін көргендей, үнін естігендей боламыз. Басында шахтердің, геологтың
темір телпегі, үстінде брезент күрте шалбары бар ол осы Жезқазған, Қарсақбай
даласын қаншама кезді десеңші. Он бес жыл! Он бес жыл дамылсыз өмір, он бес жыл
іздену рақаты, он бес жыл жермен сөйлесу! Шіркін, туған жер-ай! Сенімен еш
балаң осындай ұзақ сөйлеспеген шығар. Еш балаң осындай ұзақ асылыңды іздмеген шығар.
Асылды асыл іздесін деп шығардың ба екен сен оны езіңнің бетіңе? Бүл кісінің
қадірі - туған жердің өз қадірімен бірдей. Жердің асылын тауып бітпейтіндей, онын
қадірін де айтып жеткізу мүмкін емес. Бірақ айту керек, дәл өзіндей данышпан
шабытпен айтар да еді, шіркін! Мен ол кезде бала едім. Сөйлеспек түгіл, қатар іселіп,
сәлемдесіп те үлгіре алмадым. Ондай кісілерге кол беріп, бір ауыз сөз айту үшін
өзіңнің Адам есебінде пісіп жетілуің керек қой. Құр қолым бар екен деп, ол
алақанның аясына сезім қоспай, былқ еткізіп ұсына салған бола ма? Музейде Қанекеңнің ақ мәрмәрдән құйылған ескерткіші тұр. Мен оның қасында көп тұрдым. Толқып, көтерілген
қиялым арқылы мен онымен сөйлестім. «Ә, деп бір түсінісу үшін Қарсақбайға
келгенің дұрыс болған екен, әйтпесе, «пәлен істеген, түген жасаған» деген сөздерге
кісі бас изеп, көп жүріп қалады» дегендей бол- ды Қанекең маған. «Мынау сәлемім
дұрыс болды-ау!» деп қуандым ішімнен. «Ұлы адамдар өлмейді» дегенге тағы бір
сендім. Сөйткенше, тағы көзім түсті. Қанекеңнің түғырын кілең өзі тапқан асыл
тастардан жасаған екен ғой. О, әділет! Қандай ақындық жасалған! Дұрыс, әбден дұрыс!
Ол өзінің асыл тастарының үстінде отыр. Мен тағы қиял дүниесіне кірем. Ол мені
шығарып салмақ болып, қозғалмақ ойы бар секілді. «Тастарды сөйлетем депұзақ
отырып қалғанмын ба?» - деп, кең жымиысқа басып, ақыл, рақым, жомартгық толы
көзімен, шүғыласын төге бір қарап, шынында етек-жеңін қағып тұратын секілді. Түрса, мына әсем айқасқан тастар
шашылып қалады-ау деп, жасқанам. Бірақ әлгі Ахаң оны ерінбей қайта жинайтын
секілді сенем. Үйдің іші нүрға толы, баяғы күн. Балалар даладан шулап кіріп,
мойнына асылғандай. Күмбірлеген қоңыр дауыс естіледі...
- Қайран Қанекең... Мен тәтті
түсімнен оянып кеттім. Әлгі сөзді айтқан жолдасыммен ілесіп, келесі сәтте
музейдің алаңына шықтық. Қаныш аға үйі тұрған дөң басынан қарағанда Қарсақбай
қаласы алақан аясындағыдай түгел көрінеді екен. Жан-жақтың бәрі қошқардың
басындай қүж-қүж домалақ дөндер, жерге батып бара жатқан таулар мА Дейсің. Осы
алқап біріне-бірін тиер-тимес қып, қарсы Қаратып қойған қос бүйрек секілді.
Ортасы қойнау.Үлкен су аңғары. Аңғарды қуалай салынғандықтан, үйлердің қөбі сол
аңғарда. Аңғардың дәл басталар жерінде биікте, әлде түйенің өркеші ме, өлде
аттың арқасы ма - екеуінің біріне ұқсайтын қызыл жартас жон бар. Дәл соның
үстіне Қарсақбай жез-балқыту заводы орналасқан. Жаңағы жон түйе болса, завод
соған салған қом, ат болса - ер тоқым секілді керемет қиюласып жарасып түр. Мен
заводтың бұлай орналасқаң түрін көрген емеспін. Бейне баяғыдан, табиғатпен қоса
жаратылған секілді. Қарсақбайдың байырғы екеніне тағы бір куәлік тапқандайсың. Мұны
көргенде еске түсетің ой - жалпы қала болсын, қала көркі завод болсын - солардың
орналасатын орнын табу қандай өнер, қандай ақылдың ісі! Кезінде, қазірдің
өзінде топырағы сусып түрмайтын, сортаң, жауын жауса, аяғынды алып жүре алмайтын,
әшейіндегі тамшы суы жоқ жерлерге қала орнатудың зиянын көзіміз көріп жүр. Ал
ол кезде осы- ның бәрін барынша баппен ойланғандар болған. Қарсақбай заводының
панорамасы, кескін-түрпаты, мына түрысы көзінді тойғызады. Барлық қала соған бағынып
тұрғанын іштей сезесің. Жарасым деген бар болғырың сол! Бақсақ, оның құрылыс
жағынан инженерлік те көп мағынасы бар екен. Заводтың өз сусыны, мыс айырар
саулаған тері тірсегінен бір-ақ шығу үшін заводты дәл солай салу керек болған.
Бар су-суан төмен құлдилап кетіп жатыр. Ал заводтың солтүстік ту сыртында үлкен
көл жарқырап көрінеді. Ол заводтың мықынына келіп тіреліп түр. Сусынын
қанжығасына бөктеріп алған батырдай. Көлден батысқа таман көкпеңбек орман
ауылы. Ол Қарсақбайдың байырғы атақты паркі. Бергі қабақта бірнеше бала шоқылар
түр. Олардың үсті ертеде сауда,жәрмеңке орны болыпты.  Шымнан соққан жымырайған қүжыралар,
қымызханалар, наубайханалар әлі түр. Одан берегіректегі ойдағы алаңда қазіргі
дүкендер, автобус, көлік аялдамалары.
 
...Күн
жексенбі. Әрі жаймашуақ. Алаңда халық көп. Көбісі қыз бен жігіт, жастар. Бар
қалдарынша сәнді киінген. Біріне-бірі түмсық түйістірген арыстай қызыл автобустар.
-        Бұл неткен халық? - деп сұраймын
Дүйсекеңнен.
-        Осы
Қарсақбайда кеше бір керемет той болды. Атақты конверторшыларымыздың бірі жас
бойдақ жігіт еді. Жезқазғаннан бір сұлуды қағып кеп берді дейсің. Соның соңынан
шүбаған автобустан көз сүрініп кетті. Үйіміз шаңның астында қалды, - дейді
Дүйсекен, жүзінде түк күлкі жоқ, кәдімгі шынымен ақтарылып түр. Барынша қазақы,
барынша ақ көңіл, сөзіңе баладай сенетін, керегще жарауға әп-әзір, сол көңілін білмесең, қолын жайып таңғалатын даланың
бір өзінен айнымайтын перзенттері болады. Далаға келгенде соларды көріп,
сағыныш басасың. Дүйсекең маған сондай кісі боп көрінді. Өзі және менімен құрдас
екен. Біз бүл көріністерді көріп, бүл сөздерді айтып, доң басынан енді
Қарсақбайдың ішіне кірдік. Музейден сәл-ақ төмен жерде үлкен үй түр. Бұл - казіргі заводтың басқару
кеңсесі, әкімшілік орны. Салуын өте мықтап салған, талай тарихты бастан кешкен үй.
Қазақтар сонау көне күннен мұны «Белденнің қызыл
үйі» деп атасып кеткен. Бақса, баяғыда, революцияға дейін бүл өндіріс орнын
ағылшындар иемденіп келген де, талай жыл жер қойнынан жез суырып, оны Қарсақбайға әкеп қорытып, өз еліне
тасып ала берген. Қарсақбайды билеген ағылшынның концес- сионері Бульден деген
екен. Қазақтардың «Белден»дегені сол боп шықты. Бүл үйде кейін советтік заводтың
қайта тууы, Жезқазған геология басқармасының келу дәуірі, Қарсақбайдың
дүрілдеген заманы - жылдар, кезеңдер  керуені
өткені көрініп түр. Ағылшыннан қалған мұра осы үй болса, үйдің ішінде де ол
кездің біраз мүлкі сақталған екен. Сонысы қызық. Алдымен бас кабинетте қара
сырлы үлкен стол түр. Еденге нық жайласқаны сонша - ағаштан гөрі, шойынға ұқсайтын
секілді. Айбарлы, айдынды кескіні - ылғи ірі адамдар отырып келгенін үнсіз ай- тып
тұрғандай. Осының біресе өзінде, біресе бір жақ шетінде отырып, болашақ
Жезқазғанның тағдырын Қанекең де талай кеңескен кездері болған шығар. Алғашқы
совдептің бастығы да отырған болар. Ауызғы бөлме де кең. Ондағы төрде үлкен
сағат ілінулі түр. Қара еменнен сауыт киіп, анда-санда қоңыраулатып, ол уақытты әлі жазбай санап түр. Уақыттың
затқа айналған бейнесі секілді. Кем болса, жүз жылды санаған сағат. Оның сары
шынжыр бауының әр буыны сол жылдарға ұқсайды. Тағы да сондай ағаштан жасалған
секретер (хат, Қағаз, қүжаттар, делолар салатын стол-жәшік), киім
хатшы-машинисткалардың столы. Бұларды, - дейді Ахаң, - кейін Қанекең музеиіне
аламыз. Тарихтың көзі ғой.
-          Дұрыс.
Біз Қарсақбай заводының ішінде жүрміз. Алып ожа- улар ішінде қара ала мысы
бүлкілдеп, езуінен сары жез сорғалап, шеңбірек атады. Басына киіз қалпақ киген қазақ.
Ұзындығы он құлаш темір көсеумен оттың іщін осқылап жүр. Жағалай от. Қазан да
от, ошақ та от. Қып-қызыл от сырықтарды шоршытып, алтын жылан суырғандай ысқыртып,
ысылдатып лақтырады кеп. Биікте бірдеме күрілдегенге қарасам, заводтың бүкіл төбесі
көшіп келе жатқандай кішкене ғана темір ершікке атша мініп алған бір қазекең
бүкіл төбеге созылған ғаламат үлкен темір қалқан-тәртелерді шырқ үйіреді.
Төбенің астыңғы қабатын әлсін-әлсін алып-са- лып тұрғандай. Мына бір жақта
қазанның көкесі түр.Бір емес, бірнешеу, іштері қып-қызыл үйыған от. Қозғалғаны
білінбейді. Дыбысы да естілмейді. Астына қарасаң-ақ жалын тамшылап түр.
-          Әне,
әне, нағыз жез жаңа келді, - дейді Жәлел.
-          Анау
оттың ішінде манағы қара мыс ағып келіп жатыр. Ол соны қорытып болғанша уақыт
өтуі керек. Таза мысты толғатып туатын минуттарды мына қорыту-шылар дәл-дәл тап
басып біледі де, шүмекті ағыта қояды. Міне, құйыла бастады... Құдды сүттің
сарғыш уызындай түстегі сұйық жез сорғалап жөнелді. Ғажап!
 -         Қалай
ұқсас бәрі, - деймін мен есім кетіп.
-       Шіркін, шын өлеңнің тууы да осындай-ау!
Дәл осылай көң-қоқырынан, шаласынан, қарасынан арылтып корытар ма еді. Қорыту
үшін жүректе осыншалық от болуы
керек қой...
-        Осыдан
бір түйірін ала кетуге болмас па екен? -деп едім, партком Бекен Нүршабаев біраз
жерге жүгіріп кетті де, қайта оралды.
-        Міне,
нағыз бай руданың сынығы, бүл коп табыла бермейді.
Шамымды тосып қарап ем, асықтай
тастың жартысы жез екен. Қуанып, қалтама салып алдым (кейін Қарсақбайдағы Қаныш
аға музейінде де осындай самородокты көрдім). Сол бармақ басындай руда кейін
менің қиялымды жезге толы жер астының
ертегідей ғажайып сарайларының суреті мен арыстан жүректі адамдарының кескінін ұзақ
сақтауға кепілдеме болсын деген ой еді ол.
Біз резеңке етігімізбен штректі бойлай акхан суды кешіп,
алдымыздан соққан куатты вентиляцияның ыз-ғырық желіне кеудемізді тосып, жаңағы
лава, забойлардан кері оралып келеміз.
Артымыздан шулы өмір - еңбек
дабылының дүбірі әлі қалмай ере түседі... ...Соңғы күнде сол жез қазғандардың
келешегі - жас үрпағы Жезқазған қаласының балаларымен кездесіп, №2
мектеп-интернат, қалалық үлкен қазақ орта мектебі оқушыларының жалынды сәлем, ұстаздар
коллективінің достық тілегін қабылдап, әсем сезім әдемі бақыт құшағында болған
кездер бар. Үкімет қам- қорлығына бөленген бақытты балалық шақ, үлгілі тәрбие -
соны жүргізіп жатқан ұстаздар қауымы - сол баяғы жез қазғандар ерлігіне ұқсайды.
Мектеп дирек- торлары Мәулетбек Нәзірқанов, Зейнеп Шенеуова және басқа қадірлі ұстаздар
жүректерінің мол махаббатымен, ақыл-парасатымен оқу-тәрбие жұмысына жан сала берілген
жандар. Олар болашақ жез қазатындардың тәрбиешісі ғой.
Адамдар!
Олардың ортасы, өсу қарқыны, шырқап бара жатқан биігі ойынды еркін
қанаттандырып, жаныңды мол рахат шәрбетіне бөлейді. Пәлен жылда көрмей де қалатын
қызығыңды аз күнде басыңнын асырып бағады ғой олар! Рақмет, бауырлар! Үш бірдей
тарау әңгіме қозғап, той үстінде қадірлі Қазақстанның миллиардты тағы да беріп
абыройы шалқып тұрған қуанышына жалғасқан сендердің аман да бақытты орталарыңа
сәлем жолдадым. Соншалықты жан тебіренісі болмаса, мұншалықты із де болмас еді.
Соның бәрін сыйлаған Сендерсіңдер! Жезқазған азаматтары мен атақты комбинаттың ер жұмысшыларына
алғысымызды айта жүреміз.
 Самолет үстінде, Алматыға келе жатқан бетте,
жолы түсіп, қатар отырған комбинат директоры Гурба жолдас әңгіме арасында маған
бет бұрып:
 -       Қалай
жолдас, ақын? - деп еді. Мен жез қазғандар бейнесін көңілімнен әлсін-әлсін қайта
өткізіп өзіммен-өзім отыр ем, сұрақты шала- шарпы ұқсам да, бас изеп:
-        Тамаша!
- дедім.
Осы жазылып өткен жолдар сол
тамашаның тамшылары болар.