ВЕРНУТЬСЯ

   (немерем Досанға)

   Қандай ед!.. көркің көз тоймас,

Отыз бес жыл күткен қарағым!

Сағыныш тұнған денеме,

Сезім боп тәтті тарадың.

Айналдым сенің түріңнен,

Сармайдай еріп барамын.

Он төрт жыл бұрын түс көріп,

Батырға Досан баладым.

Есейген мынау шағымда,

Жапырақ болып жалғандың.

Тыштырмай алып түбектен,

Баладай бөбек алдандым.

Байлығым, асыл, барым сен,

Сыйлаған маған Алламның.

Қолыма сені алғанда,

Түсіндім мәнін жалғанның.

Ерніңді бүрсең шошайтып,

Еріксіз денем жирылды.

Жыласаң, "іңгә", бір сезім,

"Тұрсаңшы, тұр" деп бұйырды.

Арқанда сенің лап етер,

Ашудан атаң тыйылды.

Өзіңде білмей өтерсің,

Сыйлаған маған сыйынды.

He ғажап, қарап жүзіңе,

Шаттана, шалқып күлемін.

Кеудеме сыймай тулайды,

Қартайған, сөнген жүрегім.

Сезе гөр мынау тірлікте,

Екенін өзің тірегім.

Елінді сүйер ер бол деп,

Тәңірден тілек тіледім!..

Елінді сүйер ер бол деп,

Тәңірден тілек тіледім!..

Ақтау. 18.05.2004 ж.