ВЕРНУТЬСЯ

    Қолын
бұлғап шақыра ма, деймін-дағы аулаққа,

Қарай
берем әлсін-әлсін терезеден тау жаққа.

Бірақ
тауды тасалайды, жасырады ақ сағым,

Естілмейді
ауылдағы сенің салған жақсы әнің.

Алатау
тұр, ағарғаны сияқтанып самайдың,

Алдымдағы
келе жатқан әрбір күнді санаймын.

Сол
бір сәуле сен екен деп құмарлана қараймын,

Сағыныш
па, әлде бәлкім, өзің ойла, арайлым.

Кез
алдымда сен тұрасың ұясына батса күн,

Бақшасына
түспейін деп адассам да басқаның.

Ақ
сағымды Алатаудан әрі асырып тастадым,

Тұрсын дедім ашық болып,
арайланып аспаның.