ВЕРНУТЬСЯ

    Қарға ұшып жүргенде жерде жорғалап бара жатқан құртты
көріп, тұмсығымен тістеп алып ұшып кетті. Құрт байғұс істің жаманға айналғанын
біліп:
-        Әй, қарға батыр, әке-шешедді
де көріп едім, асқан жақсы құстар еді,- деді.
Қарға тәуір көріп, тұмсығымен «уһ!» деді.
-        Апа-ағаларыңды да білуші
едім,-деді құрт.
Қарға тағы «уһ!» деді.
-        Бірақ соның бәрі де сенен
жаксы емес еді,- деді.
Сонда қарға масаттанып «аһ!» дегенде, аузы ашылып кеткен соң, құрт жерге
түсіп кетіп, құтылды дейді.