ВЕРНУТЬСЯ

     Уайымшыл!

Жасы
ұлғайды,

Бұрынғыдан
басым қайғы.

Сіркесі
су көтермейді,

Басынан
сөз асырмайды.

Қит
еткенге килігеді,

(Оның
сырын үй біледі).

Көрінгенге
айбар шашып,

Күймес
жерде күйдіреді.

Сексенге
де жасы жеткен,

Жеті
асуды басып өткен.

Көз
де кеміп,

Белі
шөккен,

Көрген
қайғы-қасіреттен.

Шаршағандай
түрі - шерден,

Өңі
де жоқ - ырыс ерген.

Жалт
беретін жарқылы жоқ,

Жанарының
нұры сөнген...

Кемісе
де көз
жанары,

Көру үшін боз даланы,

Бар
қуатын бойға жиып,

Үш
аяқтап қозғалады.

Сөзі
де көп, не демейді,

Оны
өзі де елемейді...

Құлағының
мүкісі бар,

Бірдеңе
айтсаң:


не?" - дейді...

Бермесең
де сүйер асын,

Болған
емес - күйе-масыл.

Бүгілмеген,
белі тіп-тік,

Жарықтықтың
сүйегі асыл!

Ұрпақтарға
сый еткелі,

Сақалын
ап - иектегі,

Мұражайға
қояр ма еді?

Жерге тықпай сүйектерін?!