ВЕРНУТЬСЯ

«Оңтүстік Қазақстан облысындағы ВИЧ індетіне шалдыққан балалардың саны 143-ке жетті. Мамандардың айтуынша, кеселді жұқтырғандардың басым көпшілігі –екі жасқа дейінгі нәрестелер. Аурудың қалай таралғандығы туралы қорытынды  жасаған дәрігерлер ВИЧ балаларға қан құю кезінде   жұққандығын айтып отыр».(Газеттен).Қапалымын...Зарлы-заман танытып қатал үкім.Қорған бола алмаған баласына-Қорқау-қоғам , ұлыған батады үнің.Күйзелемін...Қара таппай, қарманып, сүйкенетін.Шейіт болып бейшара шараналар,Қайғы шеккен анадай күйге енемін.Азап-тағы...Шерлі-көзден шүмектеп жас аққаны...Шеттерінен ғаріп боп нәрестелер,Қасіретке шарпылды қазақ қаны...Қорлық қандай...Дімкәстікке дүние шалдыққандай.Көзді жұмып сәбилер тағдырына,Базбіреулер байлыққа малтыққандай.Жанды ұққандай...Жан баласын көрмедім арды ұққандай.Жалпақ жұртқа жеткізіп жан айқайды,Жапан -түзде дауысым қарлыққандай...Мазақ-тағы...ВИЧ дегенің тажалдай тозақтағы...Тек-тамыр тереңіне балта шапқан,Қалай өспек, ағайын, қазақ  саны?!

Автор: