ВЕРНУТЬСЯ

Талайлардың заты да өлдi, аты өлiп,Бiз де сонау заманаға жат едiк.Ғасырлардың бетi толған адасу,Қай әрпiңдi түзетейiн, қателiк? Кеткен аз ба бiрi-бiрiмен қауыша алмай,Ендi өзi-өзiн түгендеуде бар шалғай.Ұлы Қытай қорғаны отыр миы ашып,өз кiрпiшiн өзi санап тауыса алмай. Мұң да бiттi көңiлiңдi жайлайтын.Асығыстық - ендi мида қайнайтын.Дауылдар да ендi ойланып қалғандай,Мұхиттарды шашып-төгiп ойнайтын. Шашып-төккен тiрлiктi кiм құрайды,Уақыт, шiркiн, босқа өткен сыңайлы.Жапырақта жалғыз тамшы дiрiлдеп,-Мен де мұхит болғанмын, - деп жылайды.Талайлардың сандығында жатты бақ,Талайлар жүр өзiн өзi шақ құрап.Құйындар жүр өз тарихын бiлмейтiн,-Кiм бiлед? – деп көрiнгенге шапқылап. Тұрды кейде ертеңiмнен шошып ой,Тарих деген – iз кескеннiң досы ғой.-Мен кiммiн? – деп бiз ешкiмге бармаймыз,бiздiң ұлы бақытымыз – осы ғой. Оқпен атып, шапқанда да насырға,Бой бермеген жылдарға да, ғасырға.Кiм болғаның, кiм екенiң жазылған,Күлтегiннiң ғажайып көк тасында. Өсем десең – өткен шаққа ие бол,Келешектiң сынбас, асыл сүйегi ол.Өткен шаққа оқ атқызба, себебi,Болашаққа барып тиедi ол!                     * * *Замана көз алдыңда барады ағып,Шаттыққа өкiнiштi орап алып.Мәз боласың кетiлген көңiлiңе,бiреудiң  жылы сөзiн жамап алып. Жылдамдықтың баяуда өшi қалып,Қысқа күннiң батады кешi налып.Жалғайсың Шаттық атты көйлегiңе,Уақытыңның етегiн кесiп алып. Сөйтiп, оны ұзартып алған болып,Құлын көңiл ұшады тарлан болып.Тағы сенi таң атпай оятады,Шабытына мiнiп ап қалған жорық.