ВЕРНУТЬСЯ

    Жүйкемді
қажап шаршаған,

Күндерім
менің қаншама?!

Арыз
бен шағым аз емес,

Айтатын
болсам баршаңа.

Жасырмай
сырын ұғысқан,

Бар
еді біраз "туысқан".

Тұратын
болды бұл күнде,

Сығалап
қарап қуыстан.

Болмаса-дағы
бір туған,

Бар
еді жекжат жұртымнан.

Жүретін
болды сыпсыңдап,

Сөз
бағып о да сыртымнан.

Сөйлесем
серпіп қақпайтын,

Өзіме
кінә тақпайтын,

Бар
еді достар...

Олар да -

Болыпты
сұмдық сақтайтын.

Бетіме
жел боп тимеген,

Өсекті
жаны сүймеген,

Бар
еді достар...

Олар да -

Сөйлейді
қазір кимелеп.

Бәрі
де шындық!

Наз
емес,

Айыбым
болса - жаза кес.

Арыздап
бірақ қайтемін,

Онсыз да пыш-пыш аз емес...