ВЕРНУТЬСЯ

Өткен мың жылдық,Бiзге не бердi?Талай қынжылдық,Талай көгердiк.Қазақ жел есiп айдары,Батыры, бағыланы, билерi, байлары.Ту ұстап жадырап, сүт бетi қаймағы,Ұлы даланы еркiн жайлады.“Сүйем деп сұлу қыз,Iшем деп қымыз”.(Бiлемiз бұлардың қызықты буын бiз),Желiге құлын байлады.Ұл туса келiнi, көкпар сап тойлады,Қайтадан желбiреп көк бөрi байрағы.Сөйтiп бiз әр жақтан әр ру жиылып,Ортада бiр көлге бұлақ боп құйылып.Ақбоз ат шалынып, ақ киiз оранып,Аллаға сыйынып,Ұлт болып ұйыдық.Ай тұрды төбеде күлiмдеп қиылып.Сонан соң...Бiз талай сөнiп қала жаздадық,Бiрақ... қайта маздадық.Өзгеге бодан боп көнiп қала жаздадық,Бiрақ... үмiттен көз жазбадық.Жұлқыстық,Қырқыстық,Қастастық,Достастық,Таластық,Жарастық.  Қол созып ғасырдан ғасырғаӘйтеуiр әрi астық.Сөйтiп өткен мың жылдың жартысы,Бiз үшiн Өмiр мен Өлiм тартысыБолыпты.Мен соны ұқтым.Соңында толыстым, толықтым,Бұғаудан босанып,Қайта жасарып,Бақпен, Бақытпен жолықтым.Мiне, ендiҮшiншi мыңжылдық келiп тұр.Төгем деп Қазаққа көрiк-нұр.Ей, Алла! Қыдыр түн өзiңнен тiлерiм,Келiндер құрсағын бос қылмай,Барыстың етiне жерiк қыл.Болады бұл ғасыр:Ендi өрлеу, өркендеу,Өмiрдi көркемдеу.Атанып алаштың арысы –Азия БарысыҚазағым гүлдейдi, гүрлейдi Ертеңдер...         ***Кетті өмірденЖиырмасыншы Ғасыр өтiп,Артқа тастап Қуаныш, Қасiретiн.Бiреулердi iсiмен жирендiрiп,Бiреулердi өзiне ғашық етiп.Өттi өмiрден, иә, иә, мына ғасыр,Қалдырумен көп сұрақ, ғұлама сыр.Көп нәрсенi тындырып, бүлдiрiп те,Келер ұрпақ сынасын, сынамасын.Аямай-ақ құйғандай құтты осыған,Адымдады адымын нық басып әр.Басынан шыр көбелек айналдырды,Ғалам шарды ұстап ап тұтқасынан.Қалдық, қалдық одан да бiрақ аман,Жерде, көкте туған ғой бiр Анадан.Не бiледi, сiрә да, не бiледi,Бұл өмiрде күлмеген, жыламаған.Жаңа ғасыр күледі көктен бүгiн,Бүр жарғызып аязға Көктем гүлiн.Жаңа патша қолында –Тағдырымыз,Жүргiзедi ол қалай Өктемдiгiн?!