ВЕРНУТЬСЯ

           Төңкеріс.
Қоғам жаңаша.

Жеңдік біз ақты, фашисті

Кеңестік өмір тамаша,

Картошка, талон, сосискі...

Күн нұры шалқып жүзімде,

Волидол ішем төсекте,

Барамын коммунизмге,

Міне caп
сосын есекке.

Жатақта өсіп, жетсем де,

Әкемді көрсем танимын,

Шоқынып тіпті кетсем де,

Мен оған әлі сәбимін.

Қанжоса қырып дұшманды,

Жасын боп көктен түстім мен

Кайтпайтын қайсар, ұстамды

Өйткені коммуниспін мен.

Сталин деген жауызды,

Шатастырмаймын басқамен,

Халықтың жауы тәрізді

Жолықса атып тастар ем.

Тоқыратты ғой бір қақпас,

Оны да сөзбен ұрамын,

Күрескермін мен мізбакпас,

Қоғамды қайта құрамын.

Несіне оған ойланам,

Депутатыңа айналам,

Сайласаң дағы сайланам,

Сайламасаң да сайланам.

Себемін сосын халқыма

Советтік сөздің ұрығын:

-        Жасасын
демократия!

-        Жасасын қайта
құруың