ВЕРНУТЬСЯ

       Кептерлер мені
уілдеп

Оятты таңның
алдында.

Тұр екен талдар күлімдеп,

Шомылып жасыл
жаңбырға.

Оянды шіркін
балалық

Ұйықтап
бір қалған кеудемде.

Өзеннен құба тал алып,

Бастады қайта
серуенге.

Бастады жіңішке
жол қырға,

Жүгірдім жалғыз
шапқылап.

Секірдім сары
толқынға,

Су шаштым талға
атқылап.

Жоғалып көзден
шаңы ұшып,

Өтіпті талай жыл
заулап...

Балалықпенен
табысып,

Жағада жаттым
құмға аунап.

Сағындым, сені
сағындым,

Сағындым,    «,

қайран балалық!

Желпіші шаңын
жанымның,

Ақ жауынды ала бұлт.

Терейін моншақ
жауыннан,

Киейін көйлек жалыннан,

Қалмайын зулап
дауылдан, -

Кетпеші, қайран
балалық,

Кетпеші менің
жанымнан!

Көктемдей балғын
реңі,

Балалық - пәк құс кептерлер,

Оятып таңда
үнемі,

Қасымнан менің
кетпендер!