ВЕРНУТЬСЯ

Бүгін кеудеміздегі қазақы жүректің алып ұшуында, қатты
дүрсілінде айрықша мән бар.
Ол - біздің аспан түстес жаңа Туымыздың,
Көкшенің өзіне ұқсас Жалауымыздың, барлық биіктеріміздің, мүнараларымыздың басында
желбіреп дербес Қазақстан мемлекетінің дәл бүгін аспан астында ақиқат бар
екенін баяндап тұрғаны. Яғни біз Кенесары - Кенекең тойын бұдан былай төбемізден
аумайтын, қолымыздан түспейтін тудың астында тойлап отырмыз. Мұның айрықша
қуаныш, бақыты осында. Ең алдымен осынау ерекшелікті атап айтуымыз керек. Кенесары
туралы сөзге келсек - менің негізгі ойым,
сезімімнің түп қазығы - Кенесары Қасымұлының көтерілісі және қазақтың
ауыз-жазба әдебиетіндегі оның көрінісі. Heгe десеңіз, Кенесары көтерілісі
туралы тарих ғылымының не істеп, не қойғаны соңғы 70 жыл ішінде сол тарих
ғылымымыздың неше түрлі бұлталаққа түсіп, бүлсыз, қүнсыз қүн-жыны шыққаны кімге
аян емес? Ал сонда бір жарым ғасыр бойына жадынан ешкім өшіре алмайтындай етіп,
жағы талмай жырлап айтып, зарлап, жоқтап жылап келген, әсіресе халықтың ауыз
әдебиеті, аңыз-ертегідегі күйі сазы емес пе еді. Егер ол болмағанда Кенесары
мен Наурызбай, оның өткен өңшең бөрі жолбарыс бауырлары туралы тұрақты ескерткіш
жасалар ма еді? Осы күні ашылып жатқан асыл қазына, мұралар қайта сөйлер ме
еді? Халыққа ел алдында сол үшін алғыс айту керек еді ғой. Алдымен Кенесары -
қазақтың ең соңғы ханы, содан кейін қазақтың ең сүйікті аяулы ханы. Үшіншіден, ол
- қазақтың ең бақытсыз ханы. Менің сөзім осы үшеуінің төңірегінде. Оның -
қазақтың соңғы ханы екені бәрімізге белгілі. Өйткені Ресей империясы байтақ
Қазақстанды шетінен керте-керте жегідей жеп, қойнауын үңгіп, терендей еніп,
қазақ билігін, хандығын жойып, өз әкімдерін тағайындап, бекіністен соң бекініс салып жатқанда, қазақтың үш баласы
жиналып, ақырғы деп ақ киізге көтеріп, тағайындаған ханы - осы Кенесары еді.
Соңғы киті - Кенекең еді. Сондықтан да Кенесарының енді елді көтермеске рухани
да моральдық, азаматтық, иешілдік намысы шыдамады. Баяғы аздаған еркіндік
дәурен - бейбіт өмір, берекелі тірлік
қалмады. Кенесары халқын патшалық отаршылдыққа қарсы көтеріліске алып шықты.
Осыған жалғас оның бақытсыз хан екеніне де тоқтала кетейін. Оның хан атағын, ел
иешілігін қолына алған кезі - патшалық Ресей бүтінделе бастаған қазақты Абылай
өлген соң, ертедегі жеке-жеке княздіктері билік жасап, бөлшектеуге кірісті.
«Бөліп ал да, билей бер» деген принцип алға шықты. Сөйтіп, қазақтың кең
даласының бөлшек-бөлшегін шығарды. Қазақтың халықтық трагедиясы - бөлінуге
құмарлығын содан соң баққа, таққа, шенге құмарлығын шебер танып алған
отаршылар, енді қазақтың өз ішіндегі ақсүйектер тобын - бұрын билеп келген
Шыңғыс, Жошы ұрпағының қалдықтарын іздеп тауып, лайықты үлес берген етіп, бөліп,
ұсақтап тастады. Енді үран, ту астына жиналу дәстүрін жалғай алмайтын
«алтыбақан алауыздық» халге жеткізді. Кенесарының хандығы - дәл осы тұсқа келді.
Елге жар салып еді, бұрынғыдай түгел Kүн Түн жиналу болмады. Өз нәсілінен,
тіпті Абылай балаларынан да келісім таппады. Айтқанын тындата алмаған соң,
ашулануына да, ашумен алауыз болған ауылдарды шабуына да тура келді. Осынау
заңды ашу, оның бүл күйін патша өкімдері де, қазақ сұлтандары да мықты
пайдаланып, оны «қарақшы», «қанішер», «басбұзар» етіп көрсетті. Бұл - ең бақытсыздық
еді. қарамастан, ол қазақтың бұқара, қарапайым халқынан, батырларынан үлкен
қолдау тапты. Оның шын мәнінде халықтық хандығы осындай еді. Әлгі ба- қытсыздыққа
жалғасып екінші бақытсыздық - сол кездегі қазақ даласының отаршылдыққа, езгілік
қанауға қарсы көтерілген қозғалыс басшылары - Исатай, Махамбет, Есет, Бекет,
Жанқожа батырлар Кене ханмен қосыла алмады. Хабарсыз, байланыссыз қалды. Бір-
бірін ұқпай, бытырай соғысты. Ақыры бәрінің аяғы қырсық қырғынмен бітті. Үшіншіден
- Кенесары атақоныс - Ордадан, Арқадан, Абылай жасап кеткен орталықтан,
Көкшедей бесігінен айрылды. Ол одан соң қазақ даласынан қолайлы кеңістік іздеп, шарқ ұрды. Сонау шалғай жазық - Торғай
даласынан бір-ақ шықты. Оралдан төмен қарай сорғалаған көк қару орыс тасқыны
одан да бекініс салып үлгірген соң Ұлытауға, Сырға, Түркістанға қарай ойысып,
онда ауыл-әулет, мал-дүниесін қалдырып, Балқашты беттеп, Ұлы жүз тұтастау корінген
соң, онда барып, одан қырғызға сөз салып, қомақты жәрдем күтті. Ар жағы
белгілі. Ал осыдан артық хандық бақытсыздық бола ма? Ол аз болса, өзінің жеке
басының бақытсыздығын айтсаң, әкесі Қасым, екі ағасы - Есенкелді мен Саржанның
бастары жаудан алынды. Сонда сорлылар қазақ халқы үшін оны біріктіріп қорғау
үшін өлді ғой. Енді өзі, інісі Наурызбай, қарындасы Бопай бастаған, бабалары
қостаған бір шаңырақтан алты бірдей арыстан жау қолынан қатар мерт болған қазақ
хандарының қай тұсын көрдіңіздер?!
Сонда не үшін? Халық үшін бе, жоқ
өз бастарының билігі мен рахаты үшін бе? Біздің сорлы «тарихшылар»соңғысын ғана
айтып келеді ғой. Ал жай ғана сауал.
Жиырмасыншы ғасырда қазақтың қай әкімі, әсіресе кеңес
өкіметі тұсында халық үшін басын құрбанға шалып еді?
Айдалды, сотталды,
атылды - бірақ солардың ешқайсысы да «халқым үшін сөйттім» дегенін кім естіді?
Рас, кешегі Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов бастаған алаш көсемдері мен
азаматтарының жөні бір басқа. Олар, шынында да, хан Кененің мұрагерлері еді.
Олар «Кенекем» деп, оның атын ту етуіне ерекше мағына бар. Біз, ең алдымен,
елім деп еңіреген, отқа түскен азаматтарды азайттық, ер тәрбиелейтін дәстүрден
айрылып, қорқақ, суреткерлерді көбейттік, нәрсіз ұрпақты қаптаттық. Енді
Кенесары халықтың ең сүйікті ханы дегенге келсек, мен сөзімнің басына оралуыма
тура келеді. Иә, осы бір жарым ғасыр уақыт ішінде халық поэзиясының өкілдері,
біздің жазба әдебиетіміздің ұсталары, Кенесары көтерілісі, Кенесары мен
Наурызбай тарихы, образы, ерлік, кісілік қасиеттері туралы үзбестен жырлап, жазып
келеді. Халықтың бір емес, сан-алуан дастандарына, аңыз-әңгімелеріне өзек
болған, қазақ болған, өлшеусіз махаббатына ие болған мұндай хан да, батыр да
болған емес. Тек қана халық қазынасы арқылы олардың бейнесі мен істеген істері
бізге толыққа жуық жетіп отыр.
Кенесары - Наурызбай туралы әдебиет қазыналарының
басында атақты Нысанбай жыраудың «Кенесары - Наурызбай» дастаны тұр.
Бұл
- романға бергісіз аса шебер жазылған, ішінде соғыстың ғажайып суреті,
батырлардың мінездемесі мен іс-қимылы, ең аяғы қару-жарағы, атына дейін толық сипатталған.
Көз алдыңнан бейне кино лентасындай өтіп жататын жанды қимылға толы, кей жерде
сағынышы, мұңы, өкішші мен жоқтауы араласып жататын психологиялық, драмалық
қасиетке бай шығарманың біздің
кезіміздегі алмағайып саясатқа байланысты көрмеген қорлығы жоқ. Кенесары атына
тиым салғандаоған да тиым салған, құлыптаған.
Ықпалы күшті ер еді,
Киімді бала тудырған.
Абылайлатып aт қойған
Дұшпанды көрсе,
Көп сағынтып келместей
Кенекем, саған не болды?
Кенекемді жауға қалдырып
Көк бурыл саған не болды? - деп
сағынады ғой Нысанбай.
Наурызбай ер сол кезде
Дәл жиырма бес жасында
Ақауыз aт астында, - деп, Ақауыз
ат оққа ұшқанда:
Байузай берген көк дөнен
Қамалға шапти көлденең, - деп,
сыдырта жырлап, жеңілгенде шындықшыл ақын:
Елден бұрын Нысанбай,
Жоқ сұмдықта бастады,
Қобызын ала қашқаны, - дейтін жер бар.
Дастанды кейінгі, осы күнгі бір басылымда жырым-жырымын шығарып берген. Оның
себебі түсінікті. Алайда шындықтың аты - шындық. Оны бүркегеннен ешкімге пайда
жоқ. Нысанбай дастанынан соңғы бір үлкен шығарма - «Наурызбай - Қаншайым»
шығармасы. Бұл поэмада Наурызбайдың сүйген жары Қаншайыммен кездесіп, қосылу
тарихы баяндалады ғой. Біздің бала кезімізде осы дастан хрестоматия, оқулықтарда
басылып жүрді. Содан менің есімде қалғаны дастанның басындағы:
Абылайдан ару  Қасым туған,
Еңсесі жауларынан басым туған,
Туғанда анасынан қан шелгелдеп,
Қызартып екі көзін ашып туған.
Анасы Наурызбайдың бөлек еді,
Қатардан өзі туған зерек еді.
Дүниеден қайран ерлер өтіп кетті
Қазақтың баласына керек еді.
Осыдан қарапайым соңғы жол,
әсіресе «керек еді» деген сөз қандай азынап тұр десеңізші. Поэманың авторы
белгісіз. Мұнда Қаншайым оң жаққа келін болып түскен сәтте қайынағасы Кененің көзі
тиіп өлді дейді ғой. Кененің көз сұғы сұрапыл өткір болса керек. Наурызбай
бақытсыздығы Қаншайым өлімінен басталады. Аяғы белгілі, не үй, жар, бала жоқ,
қыршын боздақ жиырма бес жасында мерт болған. Осындай авторлары белгісіз
жеке-жеке өлең-жырлар ел аузында өте кәп сақталған.
Үшінші бір үлкен шығарма - тұңғыш қазақ журналисі
әрі тамаша ақын Мұхамеджан Сералиннің «Топжарған» («Жауыр торы») поэмасы.
Мұнда
сол жылдарда Торғай өлкесін жайлап отырған Кене хан ордасын, онда болған бір
оқиғаны, яғни топ жарған атап кеткен тұлпардың Кенеге қалай келгені жайыңда
айтылады. Оқығандарға белгілі шығар, халық осы кезге дейін жатқа айтады. Сол
поэманың басында мынадай жолдар бар:
«Майқара Қара айға бітер калың,
Қошалақ семіртеді
арғын малын.
Қарасай Қошалақты мекен еткен
Бір жылы Кенесары ағаларың.
Орын ал Қабырға ме Өлкейеттен,
Жайлауға Торғай суын көктей
өткен,
Қарасай Қошалаңтым, қара атына
Наурызбай, Кенесары мал семірткен.
Бұл жоғарыдағы Кененің Кекшеден
ауған тұсын керсетеді. Шамамен «Наурызбай - Қаншайым» оқиғасын да осы кезде
жатқызуға болады. Өйткені Қаншайым Кіші жүз Әлім руынан. Ал Торғай көрші жатқан
елке. Осы дастанда - «Топжарғанда» манағы Нысанбай айтқан Кененің өз түлпары Көкбурылдың
Қайдан шыққанын да айта кетеді:
Артқада Көкбурырдай жүйрік бар
ма?
Болыпты би Наурызбай деген нарда.
Көкбурыл би Наурызбайдан ұрлап алып,
Кенеге тарту еткен Ұры Қарға, - дейді.
Қарға - Нұрхан Ахметбековтың
атақты «Ұры Қарға» поэмасының кейіпкері.
Нұрхан  демекші, енді бір төртінші, Кене жайындағы
үлкен шығарма сол Нүрекеңнің «Жасауыл қырғыны» поэмасы. Мұның баяғыда ел ішінде
айтып жүрген нұсқасы өзгертіліп, елуінші жылдардағы саясатпен мүлде қайта
жазылған. Ондағы оқиғалар өңі айналдырылып, заказбен керісінше жазылып еді.
Оған өзім куәмін. Болған оқиғадағы кейіпкерлер де сол Әлім ауылының адамдары
еді. Торғайда «Байтабын соры» деген жер әлі бар. Бертін келе
бәрімізге мәлім, Мағжан Жұмабаевтың
«Көкшетау» поэмасы, ондағы:
Арқада Көкшетауға жер жетпейді,
Басқа жер көңілді ондай
тербетпейді,
Арқада Көкшетауға жер жетпесе,
Қазақта Кенекеме ер жетпейді, -
дегенін жұрт қазір әнге қосып
айтады ғой. Одан берікелгенде қазақтың тағы бір ұлы ақыны Ілияс Жансүгіров осы
Кенесары тақырыбында «Күйші» дастанын жазды.
Оған Кенесарының Жетісу өлкесіне ауған кезінде болған. Бұл көпке мәлім ғажайып
шабытты дастанның бір жерінде Кененің екі-ақ жолмен берілген портреті бар:
Жанжалды үй арасы ұшасынып,
Арыстан отыр төрде тісі ақсиып,  дейтін.
Үй арасы дегені қазақ арасы, ол
оған араласпайды. Оның қиял-арманы алыста жатыр.
Ілияс Жансүгіровтен кейінгі буында Қалижан Бекхожин
«Батыр Науан» поэмасын жазды. Бірақ, көп ұзамай, соғыстың аяғын ала Кенесарыға
қарсы науқан қайта басталып кетті де, алдында ғана жазылған Мариям Хакімжанованың
«Мәншүк» поэмасының алғашқы нұсқасымен бірге катты сынға ұшырады.
«Мәншүкте»
Бопай қыз туралы сөз болған. Бопай - көбіңізге белгілі шығар, Кенекең мен
Науанның жалғыз қарындасы, аты қыз
демесең, еш батырдан кем болмаған боздақ еді Ағаларының соңынан ол да кетті.
Мәншүк пен Әлия шынында да сол Бопайдың мирасқорла-ры, жалғастары емес пе еді?
Ал одан кейінгі ұрпақ, ақындар ұрпағы - біз күні осы уақытқа дейін естісек те, білсек
те, оларды жырламақ түгілі, ауызға да ала алма- дық. Осындайда еске түседі, мен
алпысыншы жылдардың ортасында Қызылжар қаласынан - жалпы солтүстік өлкесінен
оралып, бір топ өлең жаздым. Соның ішінде «Абайдың ақ үйі» деген өлең бар еді.
Цензураның қалай өткізіп жібергенін білмеймін, кітап жарыққа шыққан соң, сөзге,
жазғырғандарға қатты ұшырағаным бар. Сондықтан сол өлеңнің ішіндегі бір шумақ
Әлі күнге бір сұрақ - мен аңғарман, -
Сұрап келем әліде адамдардан.
Өзге жұртың хандары жақсы болып,
Біздің хандар қалайша жаман болған?
- деген сауал еді.
Ол кезде ол сұрққа жауап бермек түгілі, «олай» деп сұап
не шаруаң бар? дегенге қалғанбыз.
Сонда қараңызшы, Кенесары - Наурызбай туралы сонау
халық аңыз-әңгімелерінен бастап, мен тек атүсті атап өткен шығармаларды
алғанның өзінде, жүз жыл бойына қазақ халқы өзінің тамаша перзенттері жайында талмастан
жырлап келген болып шығып тұ ғой.
Ол аз десеңіз, француз, поляк, орыс
саяхатшылары мен ғалымдары, жазушыларының жазбаларын алып көріңіз. Жюль Верннен
бастап («Красный курьер») бәрі де Кенесарының егер европа білімін алған болса
тама ша қолбасшы, дипломат, кемеңгер ақыл иесі, ғажайып жаратылысты адам дүние
жүзі тарихынан лайықты орын алар еді дескен ғой. Мен сөзімнің тұқазығы үш мәселеге:
Кене - қазақтың ең соңғы ханы, қазықтың ең бақытсыз ханы, қазақтың ең сүйікті
ханы деген тақырыптарға қысқаша жауап бердім-ау деймі.Мынау жер патшасы - аяулы
Көкше өзінің қайта-ланбас көркімен, Оқжетпесімен, Жұбақтасымен, Бурабай көлімен,
Абылай алаңымен Жеке батырымен -
бәр-бәрісімен қазақтың қасиетті қара шаңырағын, көк күмбезін, мызғымас уығы мен
керегесін, қысқасы, қазақ Үйін, Ордасын мәңгі еске салып түр. Кешегі ешкімнің
ортағы жоқ, түманы, буал- дыры жоқ, ап-анық өз хандарымыз - Абылай мен оның
даңқты немересі, бүкіл патшалық Ресейді қалтыратқан Кенені еске салып түр. Құаққа
солардың рухының дауысы келеді, жағалаи шындар солардың «аттандап тұрған» батыр
серіктері секілді әсер береді. Қазақтық, елдік тарихыңды ұытып бара жатсаң, осында
келіп қайтқайсыңдар.Сондықтан бүгін дербес мемлекет, қазақия қағанаты болып тұған
шақта - оның мөңгі шежіре кітабы әулие дұалығы - Көкшетауды көздің қарашығындай
сақтауымыз керек. Оның бауырына келуші халық бұл  секілді жанаттың иесінің де, киесінің де бар
екенін сезетін болсын. Алдымен осы қасиетті сезімді ұпақтарымыздың қанына егіп,
сіңіруіміз керек. Біз бүгін ояна бастадық. Десек, еліміз ғана емес, сол елді
мекендеген жеріміз де оянар болсын. Осыған ат салысайық Хан Ордасы алдында,
бауырлар!