ВЕРНУТЬСЯ

Бойына қара зер түн киіп,Ақ нөсер...ақ нөсер құйып тұр!Далаға сыймаған мың киік,Бір ауыз өлеңге сыйып тұр. Көңілде қалатын жатталып,Киіктер сезімнен аумайды.Сәлден соң даланы бетке алып,өлеңнен шашыла заулайды. Мерген жоқ сұқ көзі қадалар,Шұбалған ақ шаңы – би сынды.Домбыра шанағын паналар,Тұяқтар дүбірі – күй сынды. Зауласын! Желпісін самал леп!Шарласын туған жер айлағын.Киіктер сүрініп қалар деп,Өлеңге нүкте де қоймадым                    * * *Көл қайда ақша бұлттың табы түскен,Ауыл қайда ошақта наны піскен?Ел қалған ебелек шаш даланы ойлап,Сағынышым көрші отыр сары түспен. Көктем келді кілемін жаба қырға,Гүлдер тұрды ойланып сабағында.Жаз да келді – жүзім көз,жауқазын-тіл,Шегіртке жүр шілденің балағында. Маңырар қозы-лағы көгендегі –Сағындарды ауылдың кезең, белі.Сары алтынан қарайды сабырлылық,Жалғыз өткел секілді өзендегі. Көрйнбейді көңілдер құрақ ұшқан,Жастық шақ,Даусың кеп тұр тым алыстан.Ақ қағаз,Саған тақтым ой-түймемді,Өкінішке тон көктеп жұбаныштан.        * * *Бұлттары –Шыңдарынан қашқан елес,Шыңды бұлттан өзге жан басқан емес.Алатаудың ақ қары –Ақ түндігі,Ақ түндігін ешқашан ашқан емес. Жанымды сен жұбатшы, өлең, енді,Таң атты.Түнгі жұлдыз сөне берді.Көңілімнің түндігін мен де ашпадым,Сағынышым,Жидың ба керегеңді? Сағыныштың айдыны тынған ба екен?Көңіл-қайық,Ескегің сынған ба екен?Есігімді қағып тұр бөтен жылдар,Ашпай қойсам,Ашарды ұрлар ма екен?