ВЕРНУТЬСЯ

   Мені қайда ап келдің кісілігім?..

Сарайыңның бос неге іші бүгін?..

...Ағынға еріп жаңартып ала алмаймын

Бойға сіңген кісілік түсінігін.

...Ойға бір сәт кісіні батыралық...

...Қулық, сұмдық дәмінен татып алып -

Бәрін аттап кеткеңдер кісі ме енді,

Кісіліктің шекпенін сатып алып?..

Кісімсінген - кісілік кейпіне енсе

Аласардың асқардай дейтін еңсе.

Бос орын жоқ сарайда, кіріп алған,

Аты келсе бәйгеден, иті жеңсе...

25.01.1997 ж.